• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Киелі Қазығұртта қазақтың үш биіне арналған еңселі ескерткіш бой көтерді

Ұлт тарихын санаға сіңіру - бүгінгі ұрпақ парызы

27.04.2019
0

Нұх пайғамбардың кемесі қалған киелі Қазығұрт  мекенінде қазақтың Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріне арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Ескерткіштің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен жергілікті жұрт қатысты. Қара қылды қақ жарған, әділ шешімімен алты алаштың ардақтыларына айналған ескерткіштің лентасы қиылды. Бұл шара Ұлы дала даналарының бірі Әйтеке Байбекұлының 375 жылдық мерейтойына ұйымдастырылып отыр.

 

Ұлт тарихын санаға сіңіру – бүгінгі ұрпақ парызы. Киелі Қазығұрттың бауырына жалғасқан Сарапхана елді мекеніндегі төбе соңғы жылдары Қазақстанның құрметті судьясы, мемлекет және қоғам қайраткері Бекет Тұрғараевтың бастамасымен үлкен саябаққа айналған еді.                                                                                                                         

Саябақ қана емес, нағыз рухани орталық. «Бабалар рухына тағзым» кешенімен бастау алатын негізгі композиция  «Ұлы шаңырақпен» жалғасады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын туған жерде жүзеге асыруды мақсат еткен ел ағасы Бекет Тұрғараев соңғы екі жыл көлемінде жалғыз жатқан жайылым төбенің басына осылайша жан бітірді.

Қазақтың үш биінің құрметіне қойылған ескерткіштің лентасы қиылып, ұлттық рухқа тағзым жасалды бүгін. Күре жолдың бойында жатқан жар қабағы жалпы қауымға жақсылығын тілеп тұрғандай. Көңілдегі қарбалас, шын ниет қанша күннен бері Алланың нұры жауған жауыннан соң, күн шуағын шашқан ауа райының жылы шырайымен де ерекшеленді.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген зиялы қауым өкілдері, Түркістанның тұрғындары бұл күнгі қуанышты шараның куәсі болды. 

Міне, Қазығұрттағы рухани орындардың қатары осылайша артып келеді. Туған жерден түлеп ұшқан асқақ ұландардың айтулы ісі баршамызға үлгі болары сөзсіз. Ал, қалың қазақтың құрметін арттырған қалаулы тірліктің Түркістанның мерейін үстем ете түскендігі бар. Мәртебесі биік, қайырымға толы бұл бастама рухани астанадағы ілкімді істердің нағыз жалғасы.   

Бұл күнгі шараға оңтүстік астанадан арнайы келген Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов еңселі ескерткіштің ашылуымен құттықтап, 17 ғасырдың екінші жартысы мен 18 ғасырдың бірінші жартысында Ұлы дала медиаторлары атанып, аңызға айналған атақты үш би – Төле, Қазыбек, Әйтекелер туралы сөз қозғады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бой көтерген тұғырлы ескерткіш тоғыз жолдың торабында орналасқан. Ұлы дала тарихында үш жүздің басын қосқан алып тұлғалы билердің алар орны ерекше. Халық арасындағы «елге бай құт емес, би құт» деген даналы сөз бүгінгі игі бастаманың дәлелі іспетті.

Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Елбасымыз айтқандай, әрбір азамат туған елінің, жерінің ел байлығын, жер байлығын, ер байлығын түсінсе, ұлттың биік рухы да жоғарылай түспек. Сол қадамға бастайтын ізгі амалдар – ұрпақ тәрбиесіндегі осындай басты міндеттердің жүзеге асырылуына негіз болмақ.  

«Айғақ-ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.