Өзбекстан 15-25 маусым аралығында Орталық Азия елдерінің азаматтарының Өзбекстанға кіруін тоқтатты. Бұл туралы Қырғыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ) ҚР шекара қызметіне сілтемелеп хабарлады. «15-25 маусым аралығында Өзбекстан көрші елдер: Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Түркменстаннан кіретін азаматтар, көлік құралдары мен жүктері үшін шекараны жапты», — делінген хабарда. Бірақ Ош облысының Қара-су ауданындағы Барақ эксклав тұрғындары үшін қырғыз-өзбек шекарасы бұрынғысынша ашық болады. Олар шекарадан бұрынғы режим бойынша өте береді. Бұрын хабарланғандай, 23-24 маусымда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының жыл сайынғы саммиті өтеді. Өзбекстан шекарасында осыған байланысты қауіпсіздіктің ерекше шаралары қабылдануда.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ