• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Шымкент қалашығын» әлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізуге номинациялық деректеме дайындалды

13.04.2019
0
Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 581 іс-шара өткізіліп, оған 74 мыңға жуық адам қамтылған. «Туған жер» арнайы жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде демеушілер мен меценаттар есебінен құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 32 жоба ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада көпқабатты тұрғын үйлер салатын «Отау групп» компаниясының демеушілігімен құны 280,0 млн теңгені құрайтын 110 орындық инклюзивті білім беру орталығы мен «Атамекен» корпорациясы демеушілігімен құны 547,0 млн теңгені құрайтын 320 орындық балабақша салынды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным тағдырым» базалық бағыттары бойынша түрлі форматтарда 138 іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Өлкенің тарихын кеңінен тану мен зерттеу мақсатында қаладағы 5, 6, 7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығы дайындалып, 2018-2019 оқу жылына арналған мектеп бағдарламасына енгізілді. Мектеп бағдарламасындағы «Қазақстан тарихы» пәніндегі өңірге тиісті тақырыптарды аталған географиялық аумақта оқыту арқылы өлке тарихы мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуге бағытталған шаралар қабылданды. Кіші бағдарлама аясында қаладағы 75 мектепте робототехника кабинеті ашылды. Оған барлығы 298,849 млн теңгеге жұмсалып, 94 мектепте робототехника кабинеті техникалық құрал жабдықтармен қамтылды. «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 76-дан аса іс-шара ұйымдастырылды. Қаладағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге QR кодтарорнатылды. Туристерді Шымкент қаласындағы киелі жерлер мен туристік нысандар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде арнайы роликтер әзірленіп, көрсетілімі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен жастарға кітап оқуды ұйымдастыру, танымдық әлеуетін арттыру мақсатында «Отырар» кітапханасынан «Kovorking» (коворкинг) орталығы ашылды.

Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Шымкент қаласының киелі орындары», қаланың туристік әлеуеті, қала бренді т.б. бейнероликтер түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды.

Шымкент қаласындағы шығармашылық ұжымдардың шетелдердегі гастрольдік қызметін ұйымдастыру мақсатында орыс драма театрының Ресей Федерациясының Смоленск қаласына гострольдік сапары ұйымдастырылды. «Әдеби өлкетану» жобасын Шымкент қаласында іске асыру жөніндегі кестесі бекітіліп, қала тұрғындарының қатысуымен түрлі форматтағы 44 іс-шара (байқау, кездесулер, айтыс, «ашық сабақтар», насихаттау, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған шаралар, конференциялар мен семинарлар өткізу) қарастырылған. Жобаны сапалы орындау мақсатында «Қазақстан Жазушылар Одағы» ОҚО филиалы, «Қазақстан Журналистер Одағы» ОҚО филиалы арасында меморандум жасалып, одақтың мүшелері өткізілген шараға кеңінен қатыстырылуда.Желілік кестеге сәйкес бүгінде қала мектептері мен тұрғындар арасында 100 астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 20 мыңнан астам адам қамтылды. Атап айтқанда, «Шымкент қаласының дара тұлғалары», «Кітап — рухани құндылық» жобалары аясында жергілікті ақын — жазушылармен кездесулер, «Бір өлке — бір кітап» акциясы бойынша насихат жұмыстары, кітап көрмелері, «Туған жер-алтын бесігім» атты әдеби кештер, О.Жанайдаровтың «Қазақ жерінің 100 аңызы» кітабының негізінде жастарға халқымыздың жергілікті аңыз-әңгімелерін насихаттау мақсатында іс-шаралар, «Бесік жыры-басты жыр» атты жас аналар байқауы, «Мәдени мұра ұлттық құндылық, ұлы игілік: Оңтүстіктің 100 әні, 100 күйі, 100 термесі» атты тарихи сазды кештер өтті. «Әдеби өлкетану» жобасы аясында қала тарихын таныта отырып, туған жердің мәдениетін терең білуге насихаттау мақсатында «Туған жерім әсем қалам — Шымкентім» атты оқырмандар сайысы, кітап фестивалі, оқырман конференциялары, әдеби сазды кештер, кездесулер, еске алу кештері тұрақты түрде өткізілуде.

Аталған жоба аясында жергілікті ақын жазушылардың, оның ішінде Е.Тұрысовтың 2 томдық шығармалар жинағы, С.Сахабаттың «Қырғауыл қонған жиде тал», К.Айдарбекованың «Әкеге құрмет» атты кітаптары жарыққа шықты. Жобаны сапалы жүзеге асыру мақсатында, 2019 жылға қаржы қаралып, «Әдеби өлкетану» жобасы аясында әдеби көркем туынды шығару жоспарлануда. Ал, «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша 7 нысан республикалық тізімге енгізілді. 8 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне қосылды. Республикалық «Өлкетану акциясы» аясында Қостанай облысынан келген оқушылар қаланың киелі, тарихи-мәдени орындарына саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының арасында «Шырайлы Шымкент» республикалық эссе байқауы өткізіліп, 8 облыс пен Алматы қаласының оқушылары қатыстырылды. Шымкент қаласындағы киелі орындары «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелерінің аумағын көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

«Қошқар ата» жобасы бойынша «Қошқар ата» өзенінің жағалауы абаттандырылып, қаланың тарихи даму кезеңін қазіргі уақытпен ұштастыратын заманауи қалашық және туристік аймақ ретінде дамыту жобасы жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, «Бекет батыр» көшесінен арбат ашылып, оны шығармашылық адамдарының орталығына айналдыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Аталған арбатты қаланың А.Асқаров, Бейбітшілік көшелерінен де ашу жоспарланып отыр. ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне «Шымкент қалашығын» енгізу мақсатында 2017 жылы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізуге ескерткіштің номинациялық деректемесі дайындалды.
Шымкент ескі қала орнының аумағында археологиялық парк-мұражай, ашық аспан астындағы мұражай құру бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындауға және археологиялық жұмыстарға жергілікті бюджеттен 100,0 млн теңге, көне археологиялық кешенін мұражайландыруына арналған жұмыстарға 2018 жылы 245 187,0 мың теңге қаралды. Ағымдағы жылы осы мақсатты тағы 900 млн теңге қаржы қарау жоспарлануда.

Шым шаһарда «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаөандық әлемде» арнайы жобасына сәйкес 8 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Түркі тілдес 20 елдің өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен танысты. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, қаланың көрікті жерлері мен киелі орындарға саяхат ұйымдастыру мақсатында туристік автобустардың маршруты ұйымдастырылды.

Шым шаһарда «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаөандық әлемде» арнайы жобасына сәйкес 8 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Түркі тілдес 20 елдің өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен танысты. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап, қаланың көрікті жерлері мен киелі орындарға саяхат ұйымдастыру мақсатында туристік автобустардың маршруты ұйымдастырылды.

«100 жаңа оқулық» жобасы бойынша мемлекеттік тілге аударылған 18 оқулықтың таныстырылымы қаладағы жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылар, профессорлық құрам мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен өтті. Бүгінде жоғарғы оқу орындарына 10 мыңнан астам оқулық жеткізілді, жаңа оқу жылынан бағдарламаға енгізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.