Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
    Айғақ MEDIA

    ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.04.2019264 Views

    Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер қаралды.

    Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қоғамдастықтың еліміздегі саяси оқиғаларға зор қызығушылық білдіргенін айтты.

    «Мен тарихымыздың осы бір бетбұрысты кезеңінде қазақстандықтардың парасаттылық және береке-бірлік танытқанына шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы күндері менің атыма мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, еліміздің еңбек ұжымдарынан көптеген хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде. Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшылары телефон арқылы хабарласып, қолдау білдіріп жатыр», — деді Елбасы.

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің өсіп-өркендеуіне және орнықты дамуына бағытталған бағдардан мемлекетіміз айнымайтынына сенім білдірді.

    «Біз барлық сынақтан абыроймен өтіп, табысты мемлекет құра білдік. Оны бүкіл әлем біледі әрі құрметтейді. Мен қазіргі Қазақстанның негізін қалағандықтан мемлекетіміздің болашағына және азаматтарымыздың әл-ауқатына баса мән беремін. Менің барлық іс-әрекетім және қадамым осыған арналған», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Қазақстан халқының мүддесі үшін стратегиялық бағдарламаларды одан әрі жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

    «Бағдарламаларды жүйелі іске асыру – дамуымыздың басты талабы. Біз азаматтарды тұрғын үймен, жұмыспен, сапалы медициналық көмекпен және біліммен қамтамасыз етіп, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету үшін тиісті жұмыстарды жалғастыра береміз. Мұның бәрі – жарқын болашаққа деген инвестиция», — деді Елбасы.

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел экономикасын одан әрі дамыту және жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін жақсы мүмкіндіктер бар екенін айтты.

    Басқосуда, сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайылов және Энергетика министрі Қ. Бозымбаев баяндама жасады.

    Елбасы өңірлердегі экологиялық жағдайды тиісті бақылауда ұстау және осы саладағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шаралар, ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

    Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

    Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.