Шымкент қаласына қарасты 39 жатаxаналар қатары тағы бір 350 орындық студенттер үйімен толықты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ұсынған заманауи жатақxана филилогоя факультетінің студенттеріне арналып салынған. Жаңа нысанның құрылысы Елбасының 5 әлеуметтік бастамасымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асып отыр. Жатақxана іші соңғы заман талаптарға сай, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.
Студенттердің қуанышына айналған жаңа ғимараттың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Қаржы орталығының» президенті Аскар Ибраимов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қала мэрі өз сөзінде елімізде жастардың білім мен ғылымды игеруіне барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын тілге тиек етті.
Қазірде магаполистегі 48 оқу орнында 123 мыңнан астам студент білім алуда. Олардың 7600 ғана жатаxаналарға орналастырылған. Бұдан бөлек, 8 мыңнан астам студент жатаxанаға орналасуды қажет етеді. Осыған байланысты алдағы 2021 жылға дейін қаладағы студент жастардың барлығы 100 пайыз жатаxанамен қамтылатын болады. Бұл жоспардың алғашқы жұмыстары басталып та кеткен. Қаладағы Тұран шағын ауданындағы 8 гектар жер учаскесіне «Shymkent” әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының инвестиция есебінен 5000 орындық жатақxана салынатын болады. Ал, жеке кәсіпкерлер арқылы салынатын 200 және 350 орындық жатақxананың құрылыс жұмыстары да басталып кеткен.
Осылайша, алдағы уақытта студент жастар баспана мәселесін уайымдамайтын болады. Енді тек, бар күш жігері мен білімдерін елімізді дамытуға, жоғарыға көтерілуге ғана жұмсайтын болады.