• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтөбедегі теракт кезінде қайтыс болған сарбазды Оңтүстік жұртшылығы қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды

07.06.2016
0

Ақтөбедегі теракт кезінде қаза болған 66/55 әскери бөлімінің жауынгері, жерлесіміз Сапар Досболды бүгін Оңтүстік жұртшылығы қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды.  Өзіне жүктелген әскери міндетті атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан жас жауынгермен қоштасуға бұл күні облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, облыстық мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреевтер де арнайы келіп марқұмның отбасы мен туған туыстарына көңіл айтты.  Ал Ұлттық ұлан сарбазын соңғы сапарға шығарып салу үшін ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов бастаған бір топ әскери қызметкерлер де арнайы келген.

5 — маусымда 19 жастағы Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны Сапар Еркінбекұлы Досбол Ақтөбе қаласында лаңкестермен болған атыс кезінде ерлікпен қаза тапты. Яғни 66/55 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жерлесіміз өзіне жүктелген әскери міндетті адал, жоғары денгейде атқарып, жастығына қарамастан қайсарлық пен батылдық қасиеттерін таныта білді. Осы орайда марқұмды туған жерінде  ақтық сапарға шығарып салуға жиналған көпшіліктің қарасы қалың. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен облыстық мәслихат хатшысы Қамытбек Айтөреевтер де қалың жұртшылықпен бірге жауынгер тұрған Шардара ауданының Көксу ауылындағы шаңыраққа келіп, Досбол Еркінбекұлының  отбасы мен туған туыстарына көңіл айтты. Бұл бүкіл Оңтүстік жұртына және күллі Қазақстан халқының жүрегіне түсіп отырған үлкен қайғы. Ол өзінің артына өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі біздің жадымызда әрдайым сақталады.  Осылай деп өңір басшысы қаралы жиында тебірене сөйледі.Sequence 01.Still001Ұлттық Ұлан сарбазымен қоштасуға ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов бастаған ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері мен Шымкент әскери комисариатының өкілдері  де қатысты. Олар да Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сарбаздың қазасы орны толмас қайғы екендігін айтып, жас жауынгердің туған туыстарына көңіл айтты.Sequence 01.Still002Сапар Досбол Еркінбекұлы әскер қатарына 2015 жылдың 12 желтоқсанында Шардара аудандық қорғаныс істер бөлімшесі арқылы шақырылған. Осылайша Ақтөбе қаласындағы 66/55 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген ол отбасындағы 2 ұл, бір қыздың тұңғышы болатын. Бірақ амал нешік? Бар болғаны 19 жасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерді отбасы мен туған туыстары және де ерлікті бағалаған қалың жұртшылық қимастықпен ақтық сапарға шығарып салды.i555

Снимок экрана 2016-06-07 в 14.08.521997 жылы 25 қазанда нақ осы Шардара ауданының Көксу ауылында дүниеге келіп, ауыл құмында замандастарымен тай құлындай тебісіп өскен Сапар Еркінбекұлы өмірден тым ерте озса да артына өшпестей із қалдырды. Осылай деген көпшілік батыр жауынгерді мәңгілікке жер қойнауына тапсырды.  Достыққа адал, қатарластарының ортасында абыройлы болған Досполдың жарқын келбетін  жан жолдастары да естен шығармайды. Осылайша әскери міндетін адал атқару кезінде қаза тапқан жауынгердің отбасына облыс әкімдігінің атынан 5 млн. тенге көлемінде қаржылай көмек берілетін болады. Сонымен қатар жас сарбазды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде де ұсыныстар жолданбақ. Себебі ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.

Абай Омар

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.