ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістанға жасаған іс-сапары күннің екінші жартысында Шымкент қаласында жалғасты. Ең алдымен Үкімет басшысы «Шымкент сити» шағын ауданындағы «Конгресс орталықтың» құрылыс жұмысымен танысты. ҚР Президенті 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілуіне және 2020 жыл Шымкент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы болып бекітілуіне байланысты, көрсетілген кезеңде отандық туристер мен шетелдік қонақтардың үлкен ағыны күтілуде.Шымкент қаласының үшінші мегаполис ретінде болашағын және қоғамдық-мемлекеттік іс-шараларды өткізуді ескеріп, жалпы ауданы 14550 шаршы метрді құрайтын 2300 орындық залы бар «Конгресс орталық» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталған. Жобаның құны 10,2 млрд. теңгені құрайды. 2300 сыйымдылығы бар, 2 қабатты ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек.