Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістан облысының дәрігерлері Англиядан келген үздік нейрогенетиктерден тәжірибе алуда
    Бас ақпарат

    Түркістан облысының дәрігерлері Англиядан келген үздік нейрогенетиктерден тәжірибе алуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.03.2019354 Views

    Әлемдік медицина мэтрлері генетикалық аурудан зардап шегетін науқастарға көмек көрсетіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының шақыруымен Түркістан облысына неврология және нейрогенетика профессоры, University College of London неврология институтының Нейрогенетикалық зертханасының жетекшісі Генри Холден (Henry Houlden) және оның әріптесі, осы ЖОО – ның докторанты, Қазақстандық Рауан Қайыржанов келді. Жас ғалым бірнеше жылдан бері Англияда оқып, жұмыс істейді. Медицина ғылымдарының магистрі, невролог, қозғалыс бұзылулары бойынша үздік маман Лондон неврология және Нейрохирургия ұлттық госпиталінде қызметтер атқарады.

    Білікті дәрігерлер тұқым қуалаушылық патологиясы мен қозғалу бұзылуынан зардап шегетін балалар мен ересектерді қабылдауда. Олар 3 күн ішінде осы кеселдің ең ауыр түріне шалдыққан 100-ге жуық науқасқа көмек көрсетеді. Сонымен қатар Ұлыбританиядан арнайы келген нейрогенетиктер «Нейрогенетика және паркенсонизм» тақырыбында ғылыми — практикалық семинар өткізуде. Әлемдегі ең үздік мамандардың бірі Түркістан облысының дәрігерлерімен генетикалық ауруларды емдеудің жаңа әдістерімен және тәжірибесімен бөліседі.

    Бүгінде дәрігерлер тұқым қуалайтын ауру түрлерін дәл анықтай алады. Алдыңғы қатарлы технологиялар гендегі аурудың қандай деңгейде бұзылғанын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, ген — «жад картасы» жиынтығы десек, олардың әрқайсысына адам ағзасы туралы белгілі деректер «жазылған». Егер ғылыми тілде айтатын болсақ, ген- адамның ДНК фрагменті. Сонымен қатар, соңғы кезде гендік мутациялардан туындаған аурулар да азаймай отыр. Мамандар мұндай ауруларды тек генетикалық сараптама нәтижелері бойынша ғана анықтай алады.

    Жақын арада генетикалық аурудан, тұқым қуалайтын қозғалу патологиясынан толық ем алу мүмкіндігі пайда болады, дейді шетелдік дәрігерлер. Әлемдік медицина алға қадам басып, науқастар үшін толыққанды өмір сүру мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, дәрігерлердің мәліметтері бойынша жыл сайын тұқым қуалайтын аурлардың саны артып келеді. Соның ішінде біздің өңір де бар.

    Өткен жылдың күзінде өңірде Паркинсон ауруы мен қозғалу бұзылыстары бойынша бірінші Орталық Азия конференциясы өтті. Ұлыбританиядан, Испаниядан, Эстониядан және Түркиядан келген ең танымал дәрігерлер Қазақстанның барлық аймақтарынан келген қазақстандық неврологтарымен тәжірибе бөлісті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.