Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халыққа есеп беру кездесуінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға бірқатар әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға баспаналы болғанға дейін 10 отбасылық жатақхана беріледі.Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілетін 10 отбасылық жатақхананың 7-і Таразда, 3-і Шу, Қаратау және Жаңатас қалаларында болады.Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 70 пайызы ауылда тұратыны ескеріліп, оларға демеушілер есебінен қайтарымсыз мал беріледі.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы 23 мың оқушыға жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама беріледі.
Тараз қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жылу тарифі 50 пайызға төмендейді және олардың қордаланған қарыздары кешіріледі.
7500 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың коммуналдық төлемдеріне 500 млн. теңге бөлінді.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасы үшін 500 млн. теңге бөлінді.
Жаммбыл облысындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға биылғы бюджет есебінен бөлінген қаражат 30 млрд. теңгені құрайды.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 6200 оқушы мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады және олардың шәкіртақысымен тамақтануына 2 млрд. теңге бөлінді.
Республикалық «Бақытты отбасы» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық «Қамқор» жобасы қолға алынды және оған 1000-нан астам еріктілер тартылады.