ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ
Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған көрмені «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейінің директоры Хуршид Файзиев құттықтау сөзбен ашып берді.
-«Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Президенттерінің 2017 жылғы 16 қыркүйектегі кездесуінде 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын атап өту туралы шешім қабылданған болатын. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын, тарихымыздың ортақтығын, рухани жаңғыруымызды назарға алып, мәдени байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталғаны белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар екі бауырлас халықтың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізбек» — деп атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ең алғашқы іс-шараны бастап Ташкент қаласына келдік.Қорында 25 мыңнан астам жәдігері бар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Өзбекстан Республикасында көрмені өткізудегі мақсаты — екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту, түркі әлемінің қара шаңырағы Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы коммуникацияны нығайту. Рухани байланыс, мәдени қарым-қатынасы егіз қос елдің ынтымағы арта берсін!»,-деді қорық-музей басшысы Нұрболат Қадырұлы.
Көрме экспозициясына 50-ден аса фото картиналар мен қорық-музейдің шығарған баспа өнімдері қойылды.
Шара барысында өзбекстандық көрме тамашалаушылар «Түркістан әфсанасы» деректі фильмін де тамашалады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 2018 жылы Түркия Республикасының Кастамону, Анкара, Бурса қалаларында «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» тақырыбында, Грекияның Салоники, Ресейдің Сочи қалаларында халықаралық көрмелерге қатысты.Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...
Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...
Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...
Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...
Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...
Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.