Шымкентте шорт-тректен үлкен және орта жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Мұз сарайында өткен сайыстың ашылу салтанатына шорт-тректен Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы Кенжеш Садыққызының өзі қатысты. Шымылдығын түрген республикалық жарыс 2 күнге созылатын болады. Тартысты доданың жеңісіне үміткер ретінде еліміздің 9 қаласынан 112 спортшы келген.
Қашықтыққа жарысатын жасөспірімдер бұған дейін үздіктер қатарынан көрініп жүрген спортшылар. Мегаполистегі жарыс нәтижесінде жеңіске жеткендер әр түрлі дәрежедегі медальдармен марапатталып, тәжірибелерін одан әрі шыңдайтын болады. Жас спортшыларға демеу беру мақсатында мемлекеттік жаттықтырушы өз тілегін жеткізді. Сонымен қатар, ересек спортшылар да жастарға үлгі болуға және қолдауға арнайы келген.