Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН
    Бас ақпарат

    АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН

    Айғақ медиаАйғақ медиа22.02.2019257 Views

    Түркістан облысында өткен жылы облыста 63 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысан салынған.  Бұл еліміз бойынша денсаулық сақтау саласында салынған барлық медициналық мекемелердің 40 пайызын құрайды.

    Алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу кезінде құны 30 млн. теңге болатын құрама модульдік құрылымдар пайдаланылды. Тиісінше, бұл шығынды 2 есеге қысқартады.Түркістан облысы еліміз бойынша алғашқы болып модульдік медициналық бекеттердің құрылысын қолға алды. Неміс технологиясы бойынша салынып, Түркияда жасалған ғимараттардың артықшылығы алуан. Бұл жаңашылдық уақыт пен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Ең бастысы өңірдегі шалғай ауылдардың тұрғындары үшін медициналық көмек көрсету мәселесі шешілді. Медпункттің модульдік құрылымын құрастыруға небәрі 2 ай ғана уақыт кетеді. Жаңа медпунктерде фельдшер және медбикелер медициналық көмек көрсетеді. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Сапалы материалдардан салынған жайлы ғимаратта тәулігіне ондаған науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, елімізде 2018-2025 жылдарға арналған Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 17 өңірлік маңызды жоспарлар бекітіліп іске асырылуда. Бұл жобаға сәйкес, 1231 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысы қарастырылған, олардың 327-і Түркістан облысында салынатын болады.

    Қазіргі уақытта Түркістан облысында 6 жаңа емхана құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Атакент, Мырзакент, Ақсукент және Кентау, Жетісай, Шардара қалаларында. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында  Түркістан қалалық емханасының, 610 төсектік облыстық көпсалалы аурухананың, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің, Облыстық онкологиялық диспансердің құрылысын жүргізу және Түркістан қаласындағы облыстық жедел медициналық көмек станциясын қайта құру және пайдалануға беру жоспарлануда.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.