1995 жылы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан ішкі әскердің 17 сарбазын еске алуға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның жекпе-жек сайысы бойынша біріншілігі басталды.
Үш күнге созылатын сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскери орталығынан 80-ге жуық қызметкерлерімен сарбаздар қатысты.
Еске алу шарасы барысында әскери қазметкерлермен сарбаздар Абай саябағында, 17 жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып еске алды.