Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шымкент қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жаңа басшы ішкі конкурс арқылы тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 1 тармағына сәйкес, Бұйырамын:
Абдиманап Кошкарович Тулебаев 2019 жылғы 19 қапаннан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шымкент қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы лауазымына тағайындалсын» делінген хабарда.
Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы 1963 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында туылған.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы, Сырдарья аудандық СЭС коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері болып бастап, осы салада табаны күректей 34 жыл бойы еңбек етіп келеді.
Жаңа қызметке дейін Әбідманап Қошқарұлы ҚР ДСМ ҚДСК Шымкент қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Еңбекші ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінде болған.
ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері.