• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Б.Беркінбаев — бүгінгі күннің батыры

18.02.2019
0

13 жасар Бақытжан Беркінбаев бүгінгі күннің батыры. Ол екі баланы өрттен аман алып қалды. Ерлікті елеген Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті арайы алғыс хатпен мараппаттады.

Апат айтып келмейді. Тілсіз жау тағы бір шаңырақты баспанасыз далада қалдырды. Өрт 16 ақпан күні Абай ауданы Құрсай  мөлтек ауданы Жаңақұрылыс көшесінің бойындағы 3 бөлмелі үйде болған. Өрт шыққан кезде үйде 3,6,7 жасар үш бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Бекболатұлы мән-жайды айтып берді.

«Сенбі күні сағат 16:39-да Шымкент қаласы Төтенше Жағдайлар департаментінің жедел басқару орталығының 101 телефон нөміріне өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметнің №1 мамандандырылған жасақтың 14 адам жеке құрамы оқиға орнына келіп, өртті сөндіруге кірісті. Өрт сағат 17:05-те оқшауланып, сағат 18:20-да толық сөндірген. Сұрастыра келе, өрт сөндірушілер үйдің үлкен қызы түтінді көріп, қорыққандықтан көршілеріне көмек сұраға жүгіріп барғандығын анықтаған. Көршісі 2005 жылы туылған жасөспірім анасын өт сөндіру қызметін шақыртуды өтінеді. Өзі түтінге тола үйден 2013 жылы туылған қыз бала мен 2015 жылы туылған ер баланы уақытысында шығарып алады. Себебі артынша үйдің барлығы ортқа оранады. Оны жетіп келген өрт сөндіру қызметі сөндіреді. Көрші баланың ержүректігі мен батырлығы екі бүлдіршіннің өмірін құтқаруға көмек берді. Мамандар өрттің себебін анықтауда».  

Иә, Бақытжанның бұл әрекеті көңіл қуантады. Кішкентай жүрегі мейірімге толы. Осындай қысылтаяң сәтте қолының сынғанына қарамай, еш қорықпастан, балалардың өмірін құтқаруды ойлады. «Мектепте өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін үйретті. Сондықтан қорқыныш болмады» дейді батыр жігіт.

Ерлікті елеген Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті арнайы алғыс хатпен мараппаттады. Естелік сыйлық берді. Тәрбиені  тереңнен сіңіртіп отырған Бақытжанның ұстаздары мен мектеп әкімшілігіне алғыс айтты. Оқиға қалай болғандығын толық білу үшін түсірілім топпен өрт болған жерге келдік. Расында, өрттің жалыны аз болмаған. Жану көлемі 60 шаршы метрді қамтыпты. Қыштан қаланған қабырғалар қақсиып тұрғанмен, үйдің іші астаң-кеестең, қара күйеге боялған. Үй шатырының жартысы жанып кеткен. Әлі қолданып үлгермеген техникалық заттар жарамсыз күйге. Үй иесінің айтуынша, бұл үйді2014 жылы өзі досының көмегімен тұрғызып, 2015 жылы кірген екен. «Тас түскен жеріне ауыр». Бір күнде далада қалып, қазір туыстарының үйін паналауда. Сұхбат беруден бас тартты. Балаларының амандығына шүкіршілік етіп отыр. Жұбайының жұмысытаңнан кешке дейін екен. Ал өзі түске дейін балалардың  қасында болып, түскі астарын берген соң, қалаға күн көрістің қамымен шығып кетеді. Үнемі жұмыста кезде екі бауырына қамқор болып жеті жастағы үлкен қызы  қалады екен. Бұл жолы да солай болған. Баланың аты бала. От тұтатқышпен ойнаған көрінеді. Байқаусызда өрт шыққан. Кішкентай Арайлым Аманғали не болғанын айтып берді.

«От тұтатқыш тауып алдым. Оны бауырларым алмасын деп қалтама салып қойдым. Сосын сырттан келсем, тұтатқыш жоқ. Кішкентай інім алып жағыпты. Содан көрпе жанды. Мен оны екі стақан су құйып өшірдім. Иісі кетсін деп есік, терезелерді ашып қойдым. Далаға шығып кеттік. Үйге келсек, өрт өршіп кетіпті. Жүрігіп көшіміз Бақытжанды шақырдым. Бақытжан келгенде інілерім үйге кіріп бара жатты. Бақытжан кіргізбей барлығымызды үйіне қарай алып келді. Әкем мен анамды күтіп отырдық. Олар келіп, бізді әпкеміздің үйіне алып кетті».

Балалы үйде ұрлық жатпайды. Кішкентай Арайлым оқиғаны осылай баяндады. Дегенмен, үлкендер келем дегенше, балаларды қорғап, Бақытжан жанашырлық танытты. Қатерлі қауіптен сақтап қалды. Қан майдандай жалындаған қызыл өрттен тайсалмады. Баламын деп қаймыққан жоқ, жауапкершілікпен әрекет жасады. Бақытжан Беркінбаевтың бұл әрекеті өзгеге үлгі боларлық. Қазақтың әрбір ұлының бойынан осындай қайсарлық табыла бергей!

«Айғақ-ақпарат».

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.