Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында 31 мамыр — саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске арналған халықаралық форум өтті. Аталған форумға ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов бастаған облысымыздағы бірқатар этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысуда. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырып отырған форумға қатысушы делегаттар кеше қуғын-сүргін жылдарының тарихынан сыр шертетін сахналық қойылым мен арнайы дайындалған көрмені тамашалады. Елбасының ұсынысымен Ұлытауда бой көтерген мемлекеттік тұтастық пен Қазақстан халқы бірлігінің символы монументінің жанында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. «Таңбалы тас» саябағында «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған «Еске алу» акциясы аясында көшеттер отырғызылды.
«Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» тақырыбында өтіп жатқан форум бүгін — 31 мамыр күні қорытындыланбақ.