1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өңірімізде «Балдәурен-2016» балалардың облыстық өнер байқауы өтті. Келешек жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, бойындағы талантын шыңдау мақсатында өткізілген дәстүрлі шарада іріктеуден өткен 300-ден астам бала бақ сынады. 7 мен 14 жас аралығындағы үміткерлер төрт жанр бойынша — дәстүрлі ән, классикалық ән, эстрадалық ән мен би түрлері негізінде жарысты. Облыстық жарыста жүзден жүйрік шыққандарды атасақ. Байқаудың «дәстүрлі әншілер» жанры бойынша бас жүлдені шымкенттік Ұлсая Бектас алса, бірінші орын түркістандық Нұрболат Чапайға берілді. «Эстрада әншілері» аталымы аясында бас жүлдеге төлебилік Нұрмұхамед Шабазов лайықты деп табылса, бірінші орын Қазығұрт ауданынан келген Нұрғиса Жақсылыққа бұйырды. «Классикалық әншілер» номинациясы негізінде шымкенттік Әйгерім Темірбекованың мерейі үстем болса, «би» жарысынан «Еркетай» (Шымкент қаласы) мен «Көркем» (Төлеби ауданы) би тобы бас жүлде мен бірінші орынға ие болды.
ҚАЗАҚСТАНДА САНИТАРЛЫҚ КІТАПШАЛАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШЕДІ
Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі. Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден...