Республикалық маңызға ие Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Айталық «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының денгейі де жоғары көрсеткішке ие. Мәселен 2018 жылдың қорытындысымен аталмыш бағдарлама шеңберінде қала бойынша 26 мың 207 азамат нәтижелі жұмыспен қамтылып тиісті жоспарлар артығымен орындалған. Сонымен қатар негізгі үш бағыттан тұратын мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты яғни техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша да жоспар асыра орындалып оқуға жолданған 1807 азаматтың 959ы тұрақты жұмысқа орналасқан. Бұл Шымкет қалалық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Шағдат Әсетұлы мәлімдеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды жүзеге асырушы мемлекетік бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» болып табылады. Бұл бағыт бойынша былтыр екінші денгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының көмегімен барлығы 130 азамат шағын несие алып өз кәсіптерін бастаған. Ал несиелендіру қаржысының жалпы мөлшері 1,6 млрд тенгені құрайды.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығы бойынша өткен жылы әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтағы 482 азамат жолданып, жоспар асыра орындалған. Ал жастар практикасы бойынша да 2598 адам жолданып жұмысқа орналасқан. Оған қоса жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту бағыты да жоғары көрсеткішке ие.
Жұмыспен қамту орталықтары тарапынан жүзеге асырылатын жаңа форматтағы жүйенің бірі «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы. Кезінде «өрлеу» деп аталған бұл әлеуметтік көмек түрімен 2018 жылы 6740 отбасы қамтылады деп жоспарланса, бұл меже асыра орындалып былтыр 11 мыңға жуық отбасыға жалпы мөлшері 2,3 млрд тенгені құрайтын атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаны тиімді жүзеге асыру бағыты бойынша жергілікті жердегі кәсіпкерлермен де бірлесіп жұмыссыздық кезегінде тұрған азаматтарды еңбекпен қамтуға басымдық беріп келеді. Осылайша халықты жұмыпен қамту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар өз жалғасын таба бермек.
«Айғақ-ақпарат».