Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Билерге тағзым» велошеруі өтуде. Облысы әкімдігі мен облыстық сот, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ұйымдастырылған шараға 100-ден астам азамат қатысып жатыр. Таңғы сағат 7:00-де Шымкенттегі «Бәйдібек би» ескерткішінен бастау алған велошеру Ордабасы ауданындағы «Бірлік» монументіне дейін жалғаспақ. Осылайша, велошеруге қатысушылар 43 шақырымды жүріп өтетін болады. Құндылықтарымызды сақтап, жастарымыздың «Мәңгілік ел» идеясы аясында Ұлы Дала тарихын насихаттайтын маңызды жоба соңы облыс өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласады.
ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»
Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...










