Үкіметте Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы өтті

Бүгін ҚР Үкіметінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары А. Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында еліміздің тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету шаралары қаралды.

Отырысқа Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Шараға бейнеконференция байланысы арқылы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерінің орынбасарлары, төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттердің басшылары қатысты.

Премьер-Министрдің биыл 5 ақпанда ҚР Үкіметінің отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері республикалық және өңірлік деңгейлерде өрттің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі штабтар құру жұмыстарын бастады.

Жылыту кезеңінің соңына дейін тұрғын үй секторындағы өрттерді болдырмау бойынша алдын алу іс-шараларын іске асыру жұмыстары жалғасады. Бұдан бөзге, күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі саласындағы білімі бар азаматтардың санын арттыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының сапасын жақсарту бойынша қосымша шараларды іске асыру жоспарланып отыр.

primeminister.kz

Ұқсас жазбалар

ЕЛІМІЗГЕ ТАУЫҚ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫН АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ӘКЕЛУГЕ УАҚЫТША ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

ЕЛІМІЗГЕ ТАУЫҚ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫН АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ӘКЕЛУГЕ УАҚЫТША ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

 «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24...

ЗИРАТТАР АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЗИРАТТАР АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Бүгін “Жасыл аймақ” акциясы аясында Тұран ауданында орналасқан “Жібек жолы мұсылмандар мазараты” аумағына көшеттер отырғызылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Қаратау...