Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі отырысымызды өткен жексенбіде, дүйсенбіге қараған түнде Астанадағы қайғылы оқиғадан бастағым келіп отыр. Өрт кезінде бір үйдің өрімдей 5 баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай. Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына құдай күш-қуат берсін дейміз! Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Алда мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін деп тілейік», — деді Премьер-Министр.
ҚазАқпарат