Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қазақстан Қазынашылығына — 25 жыл
    Бас ақпарат

    Қазақстан Қазынашылығына — 25 жыл

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.02.2019389 Views
    Биыл Қазақстан Республикасы Қазынашылығының құрылғанына ширек ғасыр толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Қазақстан қазынашылығы елдің бюджет жүйесінің буыны ретінде мемлекет қаржысын басқаруда лайықты орын ала отырып, қалыптасу мен дамудың орасан жолынан өтті.
    ҚР Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуын қамтамасыз ететін ашық, тиімді және тұрақты бюджетке қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржыны тиімді басқарудың құралы ретінде Қаржы министрлігі жанынан
    Қазынашылықтың бас басқармасы құрылды. Қазынашылыққа бюджеттерді атқару, бюджеттік және бухгалтерлік есепті, бюджеттік мекемелер мен қаржы жүйесіндегі бухгалтерлік есеп әдіснамасын жүргізу функциялары берілді. Бұдан басқа, қазынашылық мақсат бойынша пайдаланылмайтын қаражатты кері қайтарып алу құқығымен бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бойынша үлкен өкілеттіктерге ие болды.
    Бірінші бағдарламалық қамтамасыз ету БАСК-М болып табылады. Ол 2003 жылы қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі деп аталатын «Oracle» платформасында мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі қазіргі қолданыстағы ақпараттық жүйеге жаңғыртылды. Бұл — бірегей әрі ТМД елдері арасында жоғары бағаға ие болған жүйе. Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі және Дүниежүзілік банк сарапшыларының бағалауына сәйкес, Қазақстанның ақпараттық жүйесі ең тиімді және киберқорғалған деп танылды.
    2008 жылдан бастап жаңа Бюджет кодексінің күшіне енуіне байланысты Қазынашылық дамудың жаңа серпініне ие болды.
    Осы жылы қаржылық құжаттарды қабылдау және өңдеу жөніндегі функцияларды автоматтандыру үшін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол барлық деңгейде мемлекеттік бюджеттің атқарылуына пәрменді бақылау жүргізуге және негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
    Қазынашылық дамуды жалғастыруда және жаңа механизмдерді енгізу бойынша жұмыс істейді.
    Қазынашылық органдарының жедел жұмысына барлық өңірлердің тыныс-тіршілігі, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы байланысты. Бұған дейінгі жылдары ие болған зор тәжірибе мен даму қарқынын ескере отырып, Қазынашылық органдары оның алдына қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындауда.
    Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен және оны нығайтумен бюджет қаражатын жұмсауға, бюджетті жоспарлау мен атқарудың рәсімдеріне және мемлекеттік қаржыны басқарудың тиімділігін арттыруға көзқарастар өзгерді. Қазынашылық, басқа мемлекеттік органдар сияқты емес, олардың пәрменді іске асырылуына тікелей қатыса отырып, барлық осы процестерді бақылауға бейімделген. Қазақстан Республикасының қазынашылығы қаржылық жетілдіруге және одан әрі өркендеуге бағдарланған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.