Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Əйтеке би жобасы Самарқандта жалғасты 
    Бас ақпарат

    Əйтеке би жобасы Самарқандта жалғасты 

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.01.2019441 Views

    Əйтеке Байбекұлының кесенесінде баба рухына құран бағыштап, құрбандық шалған біздер Самарқандқа жол тарттық. Мұнда Əйтеке бидің аталас туысы жатыр. Неге десеңіз? Жалаңтөс батыр  5 жаста болғанда əулиеті қуаңшылық пен аштықтан құтылу үшін Сыр бойынан Бұхара маңындағы Нұрата таулы аймағына көшіп барған. Сонда Жалаңтөс Баһадүр 12 жасынан бастап зеректілігімен көзге түсіп, Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады.  Қазақ, өзбек жерлерін жаудан қорғауғауға елеулі үлес қосып, нағыз батыр атанады. Оған сол дәуірдің жоғары дәрежесі — «Аталық» атағы берілген.

     

    Жауға қарсы қол бастап, үнемі жеңіске жетіп отырғандықтан оның аты шартарапқа тарай бастайды. Ерлігін бағалаған  қазақ, өзбек, қырғыз хандары құрметтеп, бағалы сый беріп отырыпты. Даналығы даңғой қолбасшы ол байлықты өзіне емес елге мешіт, медресе салуға жұмсаған. Мешіттің бірі Дағбит қыстағындағы өзі пір тұтқан Мақтым Ағзам бейітінің басында.

    Ұстазының бейітін өзі қоршап, биіктетіпті. Дүниеден өтер алдында өзін ұстазынан төменгі жақта жерлеуін аманат еткен.  Жалаңтөс Баһадур 1656 жылы 80 жасында дүниеден қайтады. Аманаты бойынша Диғбетке Мақтым Ағзамнан төмен жерге жерлеген. Қасына өзінің ұлы мен қызы да мəңгіге жай тапқан.

    14 елдің хандары да  дəл осында жерленіпті. Жалаңтөс баһадурдің әскери қолбасшылық қызметі, ұзақ жылдар Самарқанды билеген кездегі ақыл, нақыл, билік сөздері қазақ арасында көп тарала қоймаған. Ал өзбек əдебиетінде ол туралы əңгімелер мен шығармалар көп жазылған көрінеді.

    Мешіттің қабырғаларының қалыңдығы 1,5 метр. 400 жылдан бері мұрты бұзылмаған. Кәдімгі лай кірпіштен қаланса да, сапасын жоғалтпаған ғимарат бүгінде туристерді таң қалдыруда.

    Айтолқын Молдабекова.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.