Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»А. МАМИН ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫСПЕН ТАНЫСТЫ
    Бас ақпарат

    А. МАМИН ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ҚҰРЫЛЫСПЕН ТАНЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.01.2019412 Views
    Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапары барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтеретін нысандардың құрылыс жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
    Қонақтар алдымен құрылысты жүргізетін компаниялардың жұмысшыларымен кездесіп, олардың еңбек жағдайымен танысты.
    Түркістан қаласының бас жоспары бойынша 7,7 гектар аумаққа әкімшілік іскерлік-орталығы салынатын болады. Онда облыс әкімшілігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер үйінің ғимараттары бой көтереді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қаңдар айында басталып, 2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.
    Сондай-ақ, Астана қаласының тапсырысы бойынша шаһардың шырайын арттыратын «Астана» алаңы бой көтеретін болады. Оның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың наурыз айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. 4,7 гектар аумаққа салынатын нысанның құрылыс жұмыстарына 100 адам жұмылдырылмақ.
    Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тапсырысымен 1000 адамға шақталған Конгресс орталық салынатын болады. Мәдени ошақтың құрылыс жұмыстары келесі айда басталып, 2020 жылдың соңында аяқталады. Нысанның жалпы аумағы 3 гектарды, ал ғимараттың жер көлемі 14 200 шаршы метрді құрайды.
    Одан бөлек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге тапсырыс жасаған. 1 гектар жердің 10 000 шаршы метріне заманауи үлгідегі сәулетті ғамарат тұрғызылатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
    Айта кетерлігі, бүгінде Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың жер телімдері белгіленіп, жобалар бекітілген.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.