Түркістан облысында жаңа онкологиялық орталық бой көтерді. Облыстық клиникалық аурухана қарамағында ашылған ғимарат Түркістан облысы бойынша онкологиялық аурулардың алдын алуға, диагностика жасап, емдеуге және медициналық оңалтуға жұмыс жасайды.
Жаңадан жасақталып, құрылған емдеу мекемесінің негізгі мақсаты – онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету және ерте диагностиканы арттыру, онкологиялық ауруларға скрининг жүргізуді жетілдіру жолымен 5 жылдық өміршеңдікті арттыру.
Медициналық мекеменің іші жаңа, қажетті технологиялармен қамтамасыз етілген. Мұнда электронды кезек күту залы, жеке тіркеу орны да қарастырылған. Ең бастысы — әртүрлі бейіндегі жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсетеді.Онкологиялық орталық тәулігіне 220 науқас қабылдауға қауқарлы. Айта кетейік, облыс көлемінде 7500-ге жуық онкологиялық дертке шалдыққан науқас тіркеуде тұр.