2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендейді. (Сумен жабдықтау, су бұру, электр энергиясымен жабдықтау, жылу энергиясымен жабдықтау және газбен жабдықтау). Жалпы тарифтердің төмендеуі 12 табиғи монополия субьектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субьектілерін қамтып, барлығы тұтынушылар үшін үнемделген қаржы шамамен 4,0 млрд. теңге болатын.
Жылу жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтерді төмендету орташа есеппен — 8,3 пайыз.
Сумен жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтердің төмендеуі орташа есеппен — 7,5 пайыз.
Су бұру саласында қолданыстағы тарифтердің төмендеуі орташа есеппен — 6,8 пайыз
Газбен жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтердің төмендеуі орташа есеппен — 5,8 пайыз.
Электрмен жабдықтау саласында қолданыстағы тарифтердің төмендеуі орташа есеппен — 6,8 пайыз.
Қалдықтарды шығару, лифт және КСК қызметтері бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес: тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметі 12 пайыз, лифт қызметі 10 пайыз және КСК қызметі 11 пайызға төмендетіледі.
Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комиетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Каинбердиев БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған баспасөз конференциясында мәлімдеді.