Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістан облысының 200 — ге жуық ақ халаттылары марапатпен қоса бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды
    Бас ақпарат

    Түркістан облысының 200 — ге жуық ақ халаттылары марапатпен қоса бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алды

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.12.2018552 Views

    Еліміздің тәуелсіздігі күні қарсаңында медицина саласының үздіктері Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында бас қосты. Абыройы асқақтаған 200 — ге жуық ақ халаттының 50 — ге жуығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан үлкен марапаттарға ие болды.

    Облыс медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігерлерді Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев марапаттады.

    -Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің медицина саласында елеулі өзгерістер болды. Біз,Түркістан облысының тарихы қаланған шақтың куәсі болдық және өңірді дамытып,
    еліміздің медицина саласын өрбіту жолында бірлесе еңбек етеміз. Алдымызда үлкен міндеттер тұр, — деген Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев тәуелсіздігіміздің баянды болуын тіледі.

    Түркістан облысының медицина саласының майталмандарына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, Облыс мәслихатының грамоталары мен “Нұр Отан” партиясының Құрмет грамоталары табысталды. Сондай- ақ, 16 ақ халатты “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі” төс белгісімен марапатталды, 17 дәрігер “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төс белгілерін тақты. Жеті ақ халатты “Еңбек ардагері” төс белгісімен марапатталды, сонымен қатар елуге жуық дәрігерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етілді.

    Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов “Медициналық — санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Алматы декларациясының 40 жыл” медалімен Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Түркістан жоғары медициналық колледжі аса мәртебелі марапатқа ие болды.

    Сонымен қатар Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысының Құрмет грамоталары да өз иелерін тапты. Айтулы мереке алдында еленген 200 — ге жуық ақ халаттылары марапатпен қоса бір айлық жалақы көлемінде сыйақыларын қоса алды. Алғысқа ие болған дәрігерлер ақ тілектерін білдіріп, шараның соңы медицина қызметкерлеріне арналған концерпен жалғасты.


    Еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысының үздіктері мемлекеттік марапатқа ие болды. Солардың бірі — Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

    «Айғақ»-ақпарат.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.