Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 12 желтоқсан, 2018 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 12 желтоқсан, 2018 жыл.

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.12.2018363 Views

    — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев телекөпір арқылы ел экономикасына серпін беретін кәсіпорындарды іске қосты. Солардың бірі Түркістан қаласында орналасқан түйе сүтін өңдейтін зауыт.Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы ынтымақтастық меморандум негізінде құрылған кәсіпорынның ашылу рәсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен зауыт директоры  Янг ДЖИ қатысты.

    Айта кетейік, бұл кәсіпорын 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде іске асыру көзделген 51 жобаның бірі. Облыста түйе сүтін өңдейтін алғашқы кәсіпорын жылына 2500 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. Инвестициялық жоба құны 7,45 млрд. теңгені құрайды. Зауытта 85 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда түйе сүтінен диабетпен ауыратындарға арналған таблетка, косметика, түрлі дәммен жасалған йогурттар, құрғақ таблеткалар өндірілетін болады.

    — Бүгін Астананың төріндегі Ақордада «Айғақ» телеарнасының бас редакторы Тойболова Салтанат Хайруллақызы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды. Бұл марапатты Түркістан облысы бойынша журналистер арасында бағындырған қаламгерлердің бірі — «Айғақ» телеарнасының қызметкері болып отыр.

    — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тиімді ме? Бейнеттің зейнетін көретін шақта оның артықшылығы неде? Дөңгелек үстелге жиналғандар бүгін жинақтаушы зейнетақы жүйесін жан жақты талқылады. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласындағы филиалында осы мәселені қозғап, оң шешімін тапты.

    — Арыс қалалық білім бөліміне қарасты №1 Ережепбай Молдабаев атындағы  жалпы орта мектебінде 1147  бала білім алуда . 2011 жылы жүйелі түрде жұмысын бастаған оқу ордасы біршама жетістіктерге жетіп отыр. Яғни, балалардың сапалы білім алуы үшін жаңа компьютерлермен жабдықталып оқушыларда білім биігінен көрінуде.

    — Шымкент қаласындағы №63-ші бөбекжай- балабақшасының  тәрбиешілері бүлдіршіндерді жан-жақты етіп дамытудың жаңа әдістерін қолға алған. Ол үшін мекемеде арнайы семинар өткізіп, біліктілікті арттыру шаралары өткізілуде. Кезекті шараға Олимп шыңын бағындырған, спорт майталманы Ермахан Ибраимов та қатысты. Олимпиада чемпионы мекеме ұжымын салауатты өмір салтын ұстана отырып,  тәрбие мен спорттың үндестігін қалыптастыруға шақырды.

    — «Көк арал» жалпы орта мектебінің атауы қайта өзгертілді. Ордабасы ауданы Төрткүл ауылындағы мектепке, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бәйдібек Ахметұлы Төлеповтың есімі беріліп отыр. Мектеп қабырғасында өткен айтулы іс-шараға ғалымның жұбайы, көзін көрген замандастары мен шәкірттері қатысты.  

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.