Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы үздік еуропалық клиникамен меморандумға қол қойды
    Бас ақпарат

    Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы үздік еуропалық клиникамен меморандумға қол қойды

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.12.2018589 Views

    Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев үздік еуропалық клиникамен меморандумға қол қойды. Өңіріміздің бас дәрігері Түркия елінен келген мәртебелі қонақтарды Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасында қабылдады.

    Ыстамбұлда орналасқан Едитепе (Yeditepe) университеттік госпиталінің директоры Ахмет Зихни Ажик (Ahmet Zihni AÇIK) мырзамен меморандум барысын талқылап, екіжақтық маңызды құжатқа қол қойды.

    Қаңтар айынан бастап Түркістан облысының  дәрігерлері Едитепе (Yeditepe) университеттік госпиталінде тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттыра алады. Көп салалы медициналық орталық Ыстамбұл қаласындағы Түрік медициналық университетінің базасында құрылған. Клиника Еуропадағы ең озық кешенді денсаулық сақтау ошағының бірі болып есептеледі.

    Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен университет госпиталі Едитепе (Yeditepe) арасындағы келісімге сәйкес, денсаулық сақтау саласында екі жақты ақпарат алмасу, медицина мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарлануда. Тиімді ынтымақтастық халықтың денсаулығын жақсартуға сөзсіз ықпал ететін болады.

    Едитепе көпсалалы медициналық орталығы (Yeditepe) 15 тар бейінді орталықты қамтиды. Едитепе клиникасының негізгі бағыттары — онкология, онкогематология, нейрохирургия, урология, гинекология, неврология салалары. Медицина орталығының дәрігерлері ересектер мен балаларға жүрек, бауыр, бүйрек және сүйек кемігін трансплантациялау бойынша операциялар жүргізеді.

    2005 жылы Стамбул Білім және мәдениет қорының (ISTEK) және Yeditepe университетінің қолдауымен құрылған кешенді аурухана

    жыл сайын 30 мыңнан астам пациентке қызмет көрсете отырып, Түркия еліндегі ең беделді медициналық орталығы болып есептеледі.

    2016 жылы Түркия клиникасы базасында алғашқы «ақылды аурухана» ашылған және

    ол әлемдегі алғашқы микробқа қарсы аурухана болып отыр.

    ISTEK қорының қолдауымен 20 жылдан астам уақыт бұрын ашылған Yeditepe университеті Түркия мен әлемнің басқа да елдерінен жылына  23 мыңға жуық студентті оқытып шығарады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.