Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жаңалықтар. 1 желтоқсан, 2018 жыл.
    Айғақ MEDIA

    Жаңалықтар. 1 желтоқсан, 2018 жыл.

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.12.2018308 Views

    — Нұрсұлтан Назарбаев режиссер А.Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» фильмін көруге барды. Бұл картина – «Елбасы жолы» киноэпопеясының бір бөлігі. «Елбасы жолы. Астана» фильмінде Қазақстан елордасының қалыптасу тарихы және оны салу үдерісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың басты рөл атқарғаны жөнінде баяндалады. Кинокартинада 1994 жылғы шілде айында ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қабылданған маңызды шешімге байланысты оқиғалар көрсетіледі.

    — Түркістан қаласында 2020 жылға дейін жаңа ғимараттардың саны көбеймек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шарада мәлімдеді. Елбасының «Ұлы даланың Жеті қыры» атты мақаласына баса назар аударған өңір басшысы, Түркістанның өркендеуі жолында құрылған жоспарларымен бөлісті. Кең көлемде аталып өтілген мерекенің соңы, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

    — Тұңғыш Президент күні қарсаңында Кентау қаласының 120 тұрғыны баспаналы болды.  Күні кеше Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің тұсауын кесіп баспана кезегінде тұрған жандарға пәтер кілітін тапсырды. Сонымен қатар облыс басшысы кенді қаладағы кәсіп орындардың жұмыс барысымен де танысты.

    — Еліміздің тұңғыш Президентіне арналған мереке жер жерде тойлануда. Солардың бірі Арыс қаласының төрі. Айтулы күні қала тұрғындары Мемлекет басшысының өмір жолы мен еңбектерінен сыр шертіп, кітаптарынан көрме қойған. Халық қадірлейтін мерекеге айналған бұл күнді арыстықтар жоғарғы деңгейде атап өтті.

    — Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мамандарының бастауымен Түркістан облысы мен Шымкент қаласының емханалары мен ауруханаларының балалар дәрігерлері бас қосты. Бас қосуға Түркия, Ресей елдерінен және Астана қаласынан медицина мамандары қатысты. Халықаралық конференцияда «Жұқпалы ауруларды емдеудің жолдары» тақырыбы қозғалды. Әсіресе, балалар арасында өршіп бара жатқан дертпен күресу дәрігерлердің басты мақсаты.

    — Отырар ауданының білім саласы үшін 2018 жыл жетістіктерге толы болды. Яғни мектеп бітіруші  түлектерідің  биылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа көрсеткіші  90,4 балды құраса, бұл нәтижемен Отырар ауданы облыс көлемінде көш басынан көрінді.  Бұдан өзге батырлар жырын жатқа айтудан ұйымдастырылған жас жыршылар байқауының облыстық кезеңінде де аудан мерейі үстем болды. Себебі бұл сынға  Көксарай ауылындағы М. Әуезов атындағы ЖОМ-нің атынан қатысқан 11 сынып оқушысы Бакира Олжас сайыстың бас жүлдесіне тігілген жеңіл автокөлікті жеңіп алса, осы мектептен сынға түскен  тағы бір оқушы Бакира Қазына 2 орынға ие болған.

    «Айғақ-ақпарат».

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.