— Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт- бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл ұлағатты сөз қазақтың бүгінгі және өткен күнін болшақ ұрпаққа насихаттауға арналған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында келтірілген. Аталған мақала аясында ел ағалары өз ой пікірлерін білдірді.
— Түркістан қаласында Қазақтан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы – елдің тірегі» тақырыбында кездесу өтті. Жиын барысында Елбасының жуырда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы терең талқыланды. Мақаламен толық танысқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы келешектен зор үміт күтіп отыр.
— Тұңғыш рет Түркістан облысында «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. Яғни бұл жерден студенттер «Egov» жүйесі арқылы өздеріне керекті құжаттарын алуға мүмкіндігі бар. Уақытты үнемдеп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бұл игі бастама Аграрлық колледждің ғимаратынан орын алды.
— Шымкент қалалық Төтенше Жағдайлар Департаменті 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Есеп беру жиынына Түркістан облысындағы қоғамдық қорлардың төрағалары мен сауда үйлерінің басшылары қатысты. Жиынға қатысушыларға департамент басшылығы қала аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алуды кеңінен түсіндірді.
— Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесінен тыс уақытта үстеме жұмыс атқаруына тоқтам қойылды. Енді бұл мәселе қатаң қадағалауға алынатын болады. 8 сағаттан артық жұмыс істесеңіз, жалақыңызға қосымша қаржы қосылуы тиіс. Бұл жағдай Мегаполисте өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. Мемлекеттің қызметтік көлігін қызметтік емес мақсатта пайдаланғандар да ескерту алуда. Дәл қазіргі уақытта осы мәселелерді тоқтату үшін рейд жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
—Шымкент қаласында тұңғыш рет «STEM» зертханасы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында ашылды. STEM білім беру мен ғылым, технология, инженерия және математика,физика ілімдерін біріктіреді. Бұл жерде кез келген оқушы бағдарламалау, робот техникасын жасау, 3Д модельдеу мен инженер ісінің қыр-сырын меңгере алады. Мұндай білім беру әдісі жасөспірімдерге уақыттарын пайдалы өткізуге, кәсіптік бағдар алуға септігін тигізеді. Ашылғанына 2 апта толған зерханада бүгінде 15 оқушы тәлім алуда. Олар 3D- принтер және инженерлік жабдықтармен жасақталған техникалық құралдарды пайдаланып, робот жасауды да игеріп алған. Функционалды сауаттылықты арттыратын бұл зертхана балаларға ешқандай қауіп тудырмайды.
— «Рухани жаңғыру: сапалы білім саналы ұрпақ». Осы тақырып аясында Шымкент қалалық №54 жалпы орта мектебінде бүгін кең көлемдегі семинар болып өтті. Мақсаты, Бастауыш сыныптағы білім беру мазмұнының жаңарту бағдарламасындағы бір қатар әдіс тәсілдерін сабақ барысында жүзеге асыру. Жалпы, бұл білім ошағында, 1800 ге тарта бала 2 маусымда білім алады, ғимаратыда су жаңа.Сондықтан болар, 54-ші мектептің шәкіртері оқуда озат, атаулы семинарларда белсенділік танытады.
— Танымал журналист Алексей Гончаров өмірден озды. Алексей Гончаров 1961 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген болатын. Кемер мемлекеттік университетінің тарих факультетінің түлегі. Қазақ КСР Ғылым академиясының археология институтында ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. 1992 жылдан кәсіби журналистикаға бет бұрады. 1997 жылы Шымкенттің үздік журналисі атанды. 23 қараша күні Алексей Гончаров 57 жасында мезгілсіз дүниеден озды. «Айғақ» телеарнасы мен республикалық «Айғақ» газетінің ұжымы журналистің қазасына байланысты, туған-туыстарына көңіл айтады.