• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 23 қараша, 2018 жыл.

26.11.2018
0

—  Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт- бүкіл оқиғаның өлшемі.  Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл ұлағатты сөз қазақтың бүгінгі және өткен күнін болшақ ұрпаққа насихаттауға арналған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында келтірілген. Аталған мақала аясында  ел ағалары өз ой пікірлерін білдірді.

— Түркістан қаласында Қазақтан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы – елдің тірегі» тақырыбында кездесу өтті. Жиын барысында Елбасының жуырда жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры»  атты мақаласы терең  талқыланды. Мақаламен толық танысқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы келешектен зор үміт күтіп отыр.

— Тұңғыш рет Түркістан облысында «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылды. Яғни бұл жерден студенттер «Egov» жүйесі арқылы өздеріне керекті құжаттарын алуға мүмкіндігі бар. Уақытты үнемдеп сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бұл игі бастама Аграрлық колледждің ғимаратынан орын алды.

—  Шымкент қалалық Төтенше Жағдайлар Департаменті 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Есеп беру жиынына Түркістан облысындағы қоғамдық қорлардың төрағалары мен сауда үйлерінің басшылары қатысты. Жиынға қатысушыларға департамент басшылығы қала аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдың алуды кеңінен түсіндірді.

— Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесінен тыс уақытта үстеме жұмыс атқаруына тоқтам қойылды. Енді бұл мәселе қатаң қадағалауға алынатын болады. 8 сағаттан артық жұмыс істесеңіз, жалақыңызға қосымша қаржы қосылуы тиіс. Бұл жағдай Мегаполисте өткен мәжілісте кеңінен талқыланды. Мемлекеттің қызметтік көлігін қызметтік емес мақсатта пайдаланғандар да ескерту алуда. Дәл қазіргі уақытта осы мәселелерді тоқтату үшін рейд жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

—Шымкент қаласында тұңғыш рет «STEM» зертханасы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында ашылды. STEM білім беру мен ғылым, технология, инженерия және математика,физика  ілімдерін біріктіреді. Бұл жерде кез келген оқушы бағдарламалау, робот техникасын жасау, 3Д модельдеу мен инженер ісінің қыр-сырын меңгере алады. Мұндай білім беру әдісі жасөспірімдерге уақыттарын пайдалы өткізуге, кәсіптік бағдар алуға септігін тигізеді. Ашылғанына 2 апта толған зерханада бүгінде 15 оқушы тәлім алуда. Олар 3D- принтер және инженерлік жабдықтармен жасақталған техникалық құралдарды пайдаланып, робот жасауды да игеріп алған. Функционалды сауаттылықты арттыратын бұл зертхана балаларға ешқандай қауіп тудырмайды.

— «Рухани жаңғыру: сапалы білім саналы ұрпақ». Осы тақырып аясында Шымкент қалалық №54 жалпы орта мектебінде бүгін кең көлемдегі семинар болып өтті. Мақсаты, Бастауыш сыныптағы білім беру мазмұнының жаңарту бағдарламасындағы  бір қатар әдіс тәсілдерін сабақ барысында жүзеге асыру. Жалпы, бұл білім ошағында,  1800 ге тарта бала 2 маусымда білім алады, ғимаратыда  су жаңа.Сондықтан болар, 54-ші мектептің  шәкіртері оқуда озат, атаулы семинарларда белсенділік танытады.

— Танымал журналист Алексей Гончаров өмірден озды. Алексей Гончаров 1961 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген болатын. Кемер мемлекеттік университетінің тарих факультетінің түлегі. Қазақ КСР Ғылым академиясының археология институтында ғылыми қызметкер болып еңбек еткен. 1992 жылдан кәсіби журналистикаға бет бұрады. 1997 жылы Шымкенттің үздік журналисі атанды. 23 қараша күні Алексей Гончаров 57 жасында мезгілсіз дүниеден озды. «Айғақ» телеарнасы мен республикалық «Айғақ» газетінің ұжымы журналистің қазасына байланысты, туған-туыстарына көңіл айтады.

Previous Post

Жаңалықтар. 22 қараша, 2018 жыл

Next Post

Жаңалықтар. 24 қараша, 2018 жыл.

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.