«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы болып Алмагүл Ахметжанова тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды. Алмагүл Ауғалиқызы 1999 жылдан бері «Хабар» Агенттігінде қызмет етіп келді. Әр жылдары редактор, продюсер, бағдарламалар дирекциясының директоры қызметтерін атқарған. 2012 жылдан бері Төрағаның бірінші орынбасары болып жұмыс атқарған. Айта кетейік, ол журда Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың орнына келді. Әріптесімізді жаңа қызметімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....










