БҰҰ-ның Бас ассамблеясы қазақстандық қарарды тағы қолдады. Еліміздің ядролық қарудан азат әлем құру туралы бастамасына 135 ел дауыс берді. 2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бас ассамблеяның 70-сессиясында осы құжатты қабылдауды ұсынған еді. Ал биыл еліміз қарардың жаңартылған нұсқасын таныстырды. Оның ішінде Қазақстанның қатысуымен 2017 жылы қабылданған ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім бар. Айта кететін жайт, бұл құжатты ядролық қаруы сайма-сай Үндістан мен Солтүстік Корея да қолдап дауыс берді.
www.24.kz