• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Психологиялық қызмет көрсету және дағдарыстың алдын алу бөлімі ашылды

13.05.2016
0

Бүгін Шымкент қаласындағы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологиялық қызмет көрсету және дағдарыстың алдын алу бөлімінің ашылуы салтанатты жағдайда болып өтті. Аталмыш бөлім Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының ұсынысымен ашылды.  Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты департаментінің басшысы Кәрібжанова Роза, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыс прокурорының орынбасары Әлімбеков Мұрат, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Болат Жанәбіл, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пакеев Сейтжамал, облыстық жәнеқалалық білім басқармасының бас мамандары, облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» ЖШС-нің басшысы Ақатаев Сейділдахан және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Бөлімнің мақсаты – жастардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, оларды салауатты өмір салтына шақырып, нәтижелі қарым-қатынас орнатуды үйрету, негативтен позитивке ауысуға көмектесу, бүгінгі таңда маңызды рөл атқаратын эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыруда әрекеттер жасау болып табылады.
Терапиялық кабинет республика көлемінде алғаш рет Шымкент қаласында ашылып отыр. Бұған дейін психологиялық көмек көрсету Қызылордада қолға алынған екен. Бірақ көрші облыста арнайы кабинетте емес, телефон және тренажер залы арқылы көмек көрсетіліп келеді.
Алдағы уақытта арнайы керекті жабдықтармен жабдықталған бөлімде 5 адам жұмыс жасайды. Оның төртеуі психологтар болса, біреуі бөлім басшысы. Олар облыстағы 14 пен 29 жас аралығында дағдарысқа түскен жастарға психологиялық көмек көрсетіп, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары мен мектеп жасындағы жастар арасында түрлі психологиялық жаттығуларды ұйымдастырады, сондай-ақ арнайы тренингтермен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер өткізу, мұқтаж жандарға консультативтік кеңес беру, жас отбасыларға отбасы құндылығын түсіндіру, тұрақты шешім қабылдауға, тұрақты демографияны қалыптастыруға түсіндірме сабақтарын ұйымдастырумен айналысады. Бөлім басшысы Пернебай Гүлжазира болашақта нәтижелі жұмыс жасау үшін жоспармен әрекет жасайтынын айтты.
ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев бүгінде ыстық желіні іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Алғашқыда 9 сағат бойы тегін психологиялық кеңес береді деп күтіліп отырған ыстық желі болашақта жұмыстың нәтижелілігніе қарай ұзағырақ жұмыс жасауы мүмкін.
Бөлімді ашу үшін бюджеттен 15 млн теңге қаржы бөлінген. Жаңадан ашылған бөлім көздеген нәтижеге қол жеткізу мақсатында облысымыздағы өзге де аудан, қалалардағы «Жастар орталығы» жанындағы және мектептердегі психологтармен тығыз қарым-қатынас жасауды көздеп отыр. Сондай-ақ кездесу барысында барлық қонақтар мен сала мамандары өздерінің ойларында жүрген сауалдарын қойып, туындаған сұрақтарға жауап іздеп, ойларындағы ұсыныстарымен бөлісті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ з

Айғақ медиа
19.12.2025
0

№144 жалпы орта мектебінде жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Әдістемелік орталық ұйымдастырды. Жиынға Астана, Шымкент қалалары...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ШЕЖІРЕЛІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Шымкентте шежірелі кітаптың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Рухани шараға әр өңірден жиналған...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

265 ҮЙ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Қызылжар-2 шағынауданында жылдар бойы шешімін таппай келген инфрақұрылым мәселесі шешілді. Көктемде өткен көшпелі кездесуде тұрғындар ауыз су тапшылығы, газдың жоқтығын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асуда. Бұл ауқымды жоба экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындарға заманауи әрі қауіпсіз...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
04.12.2025
0

Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова:  халықты жұмыспен қамту...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.