Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»ОҚО әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады
    Денсаулық

    ОҚО әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.05.2016303 Views

    Бейсенбі күні өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралап, өзекті мәселелер бойынша жауапты сала мамандарына тапсырмалар жүктеді. Ең алдымен, аймақ басшысы №1 облыстық перинаталдық орталығының жұмысымен танысып, ондағы аналардың жағдайына қанық болды.

    13161921_973663132750026_642010581975237878_oІргетасы 1934 жылы қаланған орталыққа облыстың 12 ауданынан неонатальді және экстрагенитальді потология, гинекологиялық аурулар сынды диагноздармен аяғы ауыр әйелдер келіп, босанады. Соңғы он жылда мұндағы туу көрсеткіші екі есеге артып, 4 мыңнан 10 мыңға жетсе, 15 мыңнан астам ана мен бала түрлі дәрежедегі емдерді қабылдайды. Бүгінгі таңда 8 ауданға кураторлық көмек көрсетіп отырған мекемеде 350 әйел көмек алады. Орталықтың жұмысымен танысқан Б.Атамқұлов жауапты сала басшыларына мекемені бейнебақылау жүйесімен, соңғы медициналық құрылғылармен толықтай қамтамасыз етуді тапсырып, ғимаратты заманауи стандарттарға сәйкес етуді жүктеді. Облыстағы денсаулық сақтау нысандарын аралау кезінде өңір басшысы облыстық «Ана мен бала» орталығында болып, мекеменің жұмысымен де танысты. Күні бүгінге дейін бұл орталықта 227 бала тіркелсе, 200-ге жуығы антиретровирусты терапияны қабылдайды. Сондай –ақ, биыл Оңтүстіктегі орталық мамандары психолог көмегіне жүгіне отырып, науқас балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық кеңес құру барысында тиімді методика қалыптастырып отыр. 

    13217159_973665122749827_6245995190375960791_oОрталық жұмысымен танысу барысында облыс басшысы Б.Атамқұлов ондағы балаларды Сарыағаш, Біркөлік сынды демалыс аймақтарына апарып, Түркістан, Отырар сияқты тарихи орындарға саяхаттатуды тапсырды. Өңірдегі медицина мекемелерін аралау кезінде өңір басшысы облыстық СПИД орталығының жұмысымен танысты.
    Іргетасы 1954 жылы қаланған бұл орталықта 176 маман жұмыс істейді. Мәлімет бойынша, бүгінде аталған мекемеде 1594 науқас тіркелген. Ғимарат тарихымен танысып, зертхана жабдықтарын аралап көрген Б.Атамқұлов орталық мамандарымен сұхбат барысында сауатты қызмет көрсетуді қадап айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.