Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте SHYMKENT ART DAYS 2016 өнер күндері өтуде
    Жаңалықтар

    Шымкентте SHYMKENT ART DAYS 2016 өнер күндері өтуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.05.2016486 Views

    14
    Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен алғаш рет SHYMKENT ART DAYS 2016 өнер күндері бастау алды. Мамыр айының 13-15 жұлдызы аралығын қамтитын шара барысында Шымкент қаласы заманауи өнердің түрлі бағыттары көрсетілетін мульти-тәртіптік алаңға айналмақ. Мұнда стрит арт, жария өнер, граффити, өнердің визуальды түрлері, бейне-арт және дизайн жұмыстары бір-бірімен байланысқан симбиозда көрермен назарына ұсынылады. Заманауи үлгідегі инсталляциялар, перформанстар, акциялар, таныстырылымдар, коллаборациялар, экспозициялар, шеберлік сыныптар, флэшмобтар көрсетіліп, көпшілік дәрістер өткізіледі.10 (2)

    «Қазіргі заман жолдауы» тақырыбымен өтіп жатқан шара нағыз шығармашылық алаңға әрі жалпықалалық көркем шеберханаға айналды. Суретшілер, дизайнерлер, қала тұрғындары мен қонақтары әлемде болып жатқан оқиғаларға өз көзқарастарын білдіру үшін өнер нысандарын салды. SHYMKENT ART DAYS шеңберінде қазақстандық суретшілер мен сән дизайнерлері ART & FASHION коллаборация үлгілерінде жұмыс істеуде. Өнер күндерінің танымал қатысушыларының арасында шымкенттік заманауи суретшілерден құралған белгілі «Қызыл Трактор» тобының негізін қалаушы Саид Атабеков, Қазақстанның тумасы, бүгінде Германия мен Бельгия елдерінде қызмет атқаратын Алмагүл Меңлібаева да бар. Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Британдық Кеңестің көмегімен тағы екі атақты тұлға – бейне-арт жанрында жұмыс істейтін британдық суретшілер Карен Мирза мен Бред Батлер шақырылған. Сонымен қатар,  SHYMKENT ART DAYS 2016 іс-шарасына «Қызыл Трактор» тобының суретшілері мен өкілдері Арыстанбек Шалбаев, Смаил Баялиев және Сырлыбек Бекботаев, сондай-ақ, Бақыт Бубиканова, Алексей Шиндин, П. Н. И. арт-тобы, Алпамыс Батыров және Қырғызстаннан келетін DOXA арт-тобы қатысады. Танымал қазақстандық суретші Паша Кас та Шымкент қаласына шақырту алды. SHYMKENT ART DAYS шеңберінде қазақстандық суретшілер мен сән дизайнерлері  ART & FASHION коллаборация үлгілерінде жұмыс істейді.8(1)

    SHYMKENT ART DAYS 2016 өнер күндерін өткізу арқылы мамандар қазіргі заманның өзекті мәселелеріне баса назар аудара отырып, өнер құралдары арқылы рухани құндылықтарды, қоғамдағы өзара түсінушілік және келісім идеяларын насихаттауға мүмкіндік алғанын айтады.11

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.