Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікқазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін тойлады
    Жаңалықтар

    Оңтүстікқазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін тойлады

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.05.2016281 Views

    Бүгін Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында 7 мамыр – «Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салатанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан өңір басшысы барша оңтүстікқазақстандықтар мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, еліміздің Ұлттық әскерінің айбыны мұнан да әрі артуына тілектестік білдірді. «Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы кез келген ер азаматтың асыл және абыройлы парызы.13116492_970454393070900_4759063102567153679_oБіз бүгін ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Сіздер әскер сапында ата-аналарыңыздың, сүйікті жарларыңыз бен балаларыңыздың тыныштығын күзетіп, аса жауапты қызмет етіп жатырсыздар. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз!», — деді Б.Атамқұлов, өз сөзінде.13147722_970455156404157_8545035217135392433_oМұнан соң, елдің қорғаныс қабілетін күшейтуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың мүдделері мен құқықтарын, заңдылықты қорғауға үлес қосқан 20 азамат аймақ басшысының «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және ОҚО әкімінің Грамотасымен, Алыс хатымен, сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталды. Айта кетейік, биыл Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 24 жыл. Уақыт талабына сай әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан-жылға нығайып келеді.  Біздің өңір – еліміздің Оңтүстік қақпасы. Өңірімізде Шымкент горнизонына қарасты 10 әскери құрылымдық бөлімдер Оңтүстік шекараның тұтастығы мен тыныштығын сақтауда қызмет етуде. 13173416_970458726403800_490744209375040878_oМерекелік басқосу Қорғаныс саласында талай жыл еңбек еткен тұлғалардың құттықтау сөздерімен жалғасып, «Ел қорғаны ерлерім» театрландырылған көрінісіне ұласты. Шара соңында көрермендер атаулы күнге орай дайындалған арнайы мерекелік бағдарламаны тамашалады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.