Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өз еркімен қызметінен кетуге арыз берді. Бұл туралы министрліктің ақпараттық дереккөзі хабарлады. Мамытбеков 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Асылжан Мамытбековке соңғы ескерту жасаған болатын. Ол Мамытбековтің қызметіне толықтай сәйкестігі толық деңгейде емес екенін айтты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...










