Бүгін Елбасы Жер кодексіндегі бірқатар нормаға мораторий жариялады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Ақордада Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан келелі кеңесте Елбасы «Мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда былтырғы енгізген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін мораторий жариялаймын. Алдымен егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз» — деді. Сондай-ақ, іле-шала, Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев отставкаға кетті. Елбасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке сөгіс берді. Сонымен қатар, Жер кодексін талдап-саралау үшін арнайы комиссия құруды тапсырды.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
1 мамырдан бастап мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынайтын болады. Бұл туралы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды. Күн...