Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 5,3% артқан
    Жаңалықтар

    ОҚО-да өнеркәсіп өнімінің көлемі 5,3% артқан

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.05.2016228 Views

    Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. Баспасөз мәслихатында облыстың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткішінің І тоқсанындағы жағдайы туралы баяндаған облыс әкімінің орынбасары өнеркәсіп өнімінің көлемі 5,3% артып, 186,7 млрд. теңгені құрағанын айтты. Оның айтуынша, облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің 37,3 пайыз үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 69,7 млрд. теңгеге жеткен. Ал өңдеу өнеркәсібі (үлесі 50,4%) өнімінің көлемі 94 млрд. теңгені құраған. Көрсеткіштердің бұлайша өсуі тамақ, мұнай өңдеу, құрылыс және тоқыма өндірісі есебінен орын алған.
    «Облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында осы жылы 27,2 млрд. теңге болатын 16 жоба іске асырылып, 845 жұмыс орнын құру көзделуде. Ал өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінгі күнге 189,7 мың бірлікті құрап, 6,8% артса, олардан өндірілген өнім көлемі 6 пайызға өскен»,-деп хабарлады Е.Садыр.
    Атқарылған жүйелі жұмыстар мен жасалған іс-шаралардың нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жақсы екенін айтқан облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 680 млн. тң. құрайтын 180 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 252 жұмыс орны ашылғанын жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 13,8 млрд. тң. құрайтын 25 жоба мақұлданып, 37 жұмыс орны құрылғанын, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы 6927 кәсіпкерге көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.