Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте жастарға психологиялық көмек көрсететін орталық ашылмақ
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте жастарға психологиялық көмек көрсететін орталық ашылмақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа05.05.2016229 Views

    Жастарға психологиялық қызмет көрсететін консультациялық көмек беретін орталық ашылмақ. Мақсат, қиын жағдайда қалып қойған жасөспірімдерге қол ұшын беру. Сондай- ақ, бірінші маусымнан бастап жоғарғы оқу орындарында «Жастар саясаты» пәні оқу бағдарламасына енгізіледі.Үстіміздегі жылдың ақпанында құрылған облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Болат Жанәбіл осылай дейді. Су жаңа басқарманың тың жоспарларын арнаның тілшілері де тыңдап қайтты. Еншісін облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасынан бөліп шыққан  жаңа мекеменің  басшысы Болат Жанәбіл әзірге ауыз толтырып айтарлық жұмыстардың  жоқтығынан, жоспарларға тоқтағанды жөн көрді алдағы. Мәселен, жергілікті жастарды мейлінше жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында барлық аудан қалалардың аумағындағы  құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандарға жастарды тарту арнайы жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Енді әрбір әлеуметтік құрылыс нысанында жастар қадағалау бекеті құрылмақ екен. Қиын жағдайда қалып қойған жасөспірімдерге тегін қызмет көрсететін орталықтандырылған байланыс орталығы ашылмақ. Күйзеліске ұшыраған  әрбір  жас енді Coll-орталыққа қоңырау соғып, тиісті көмегін ала алады. Болат Серікұлы жастар арасындағы құқықбұзушылық  пен қылмыс саны 2015 жылы азайғандығын айтып отыр. Мәселен, 2014 жылы жастардың қолымен  354 қылмыс жасалған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 293-ке кеміген. Орын алып жатқан қылмыстардың дені ұсақ түйек деген, Болат Жанәбіл жастардың қылмысынан гөрі, қызықты көше спорттарын дамыту туралы жоспарларына  кеңірек тоқталғанды  жөн көрді. Мәселен, жастардың көшбасшысы атауы шетелше шұбырған спорт ойындарын дамытуға қатты құлықты. Сөзі мен ісі үйлесіп, жастардың ісі дөңгелене ме, әлде айтылған сөз желге ұшып кете ме, оны жаңа басшының алдағы қадамдарынан көретін боламыз.

    Гүлжан Нұрланқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.