2016 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 186,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 млрд. теңгеге артық. Сарапшылардың айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізуге, ең алдымен экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған индустрияландырудың бірінші бесжылдық бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуы мүмкіндік берген. Қазіргі кезде, ОҚО-дағы өнеркәсіп өнімінің жартысынан астамы өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. Осылайша, облыста соңғы 5 жылда тек қана Индустрияландыру картасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласында жыл сайын бірнеше ондаған жобалар іске қосылуда. Аталған фактор, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттылығын ұлғайтумен қатар, экономиканың бүгінгідей қиын кезеңінде өңіріміздің өскенін көрсетеді.Мемлекеттік бюджет қаражатын есепке алмағанның өзінде, шикізаттық емес секторына бағытталған инвестициялардың өсу қарқынын (2016 жылдың 3 айында өткен жылмен салыстырғанда 123,4% құрады) ескерсек, өсу тенденциясының сақталынатынына және Оңтүстік Қазақстан облыс өнеркәсібінің дамитынына сенімді ұйғарым жасауға болады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі