• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың спортпен шұғылдануға деген қызығушылығы жоғары – ҚР МСМ

05.09.2018
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше 29%-ға жуық қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен айналысады.

Бүгін Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс барысы талқыланды, деп хабарлайды bnews.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің алдына қойылған басты міндеттердің бірі – Елбасының Қазақстан халықына арнаған Жолдауларында атап көрсетілгендей 2020 жылға қарай отандастарымыздың 30 пайызын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануын қамтамасыз ету болып табылады.

Үкімет мүшелері алдында Халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту туралы есеп берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлыалға қойылған міндеттерді іске асыру жұмыстарының нәтижесінде 2017 жылы халықтың 28,7% дене шынықтырумен және спортпен қаматамасыз етілгенін атап өтті. Бұл дене шынықтыру және спорт қозғалысына 5 млн 204 мың адамның қатысқандығын куәландырады. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3%-ға ұлғайды.

«2018 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша Салауатты өмір салты орталығымен бірлесіп 28 мыңдай, оның ішінде ауылды жерлерде 15 мыңдай спорттық-бұқаралық іс-шара мен спорттық акциялар өткізілді. Оларға барлығы 3 млн-нан астам адам қатысты», — деп атап өтті Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрінің мәліметінше, бұқаралық спорттың маңызды құрамдас бөлігінің бірі деп салалық Заңмен енгізілген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерін тапсыруды айтуға болады. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша аталған Тестілерді тапсыруға барлығы 4 млн 939 мың адам қатысты. Соның ішінде 74 мың адам Президенттік деңгей нормативтерін, 244 мың адам ұлттық деңгейдегі нормативтерді, 371 мыңы жалпы бастапқы деңгей нормативтерін орындады.

Елбасының тапсырмасын орындау шеңберінде әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде бұқаралық спорт түрлерінен 791 мыңнан аса оқушы спорттық секция сабақтарымен қамтылған.

«Студенттік спорттың даму жағдайына көше отырып, Білім және ғылым министрлігімен бірлескен жұмыс нәтижесінде қазір республиканың 128 жоғары оқу орындарында 189 мың студент (білім алушылардың жалпы санынан 45,8 %) шұғылданады. 766 колледжде 280 мыңнан аса білім алушы спортпен шұғылданады», — деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі.

Мектеп жасындағы балалар арасында тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қосымша білім беру мекемелері, оның ішінде 537 балалар-жасөспірімдер клубтары, 96 балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубтары жұмыс жасауда.

Спортпен айналысатын денсаулық мүмкіндіктері шектеулі жандарға барынша жағдайлар жасалып жатыр. 2009 жылдан бері дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың үлесі 4%-дан 10,7%-ға дейін өсті.

«Олардың спорттық дамуы үшін спорттық клубтар, спорт мектептері және олардағы бөлімдер жұмыс істеп жатыр. Биыл Қазақстандағы тұңғыш халықаралық деңгейдегі мамандандырылған Паралимпиадалық жаттығу орталығы пайдалануға берілді. Бұл жаңа жаттығу орталығының ерекшелігі мұнда тек паралимпиадашылар ғана емес, кез келген мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорттық жаттығулар жасауға болады», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Ұлттық спорт түрлерімен айналысушылардың үлесі 2013 жылғы 5,9%-дан 2016 жылы 6,6%-ға өсті.

«Баршаға мәлім, дене шынықтырумен халықты қамту спорт инфрақұрылымының бар болуына тәуелді. Елімізде 11,3 мың спорт ғимараттары қызмет етеді және олардың саны 2016 жылмен салыстырғанда 6,3% астамға көбейді. Олардың ішінде 9,3 мыңы спорт мектептерін қоса алғанда білім обьектілеріне, ал 2 мыңы дене шынықтыру–спорт обьектілеріне жатады. Жыл басынан бері еліміздің өңірлерінде жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен 18 дене шынықтыру–сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта облыстарда 20-дан астам кешенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өңірлерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әр түрлі кезеңдерде 48 жоба іске асырылып жатыр, бұл жаңа экономикалық жағдайда спорт инфрақұрылымын дамытуда қосымша мүмкіндіктерді ұсынады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.