

Өз кезегінде Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымов «Түркістанның Қазақстан үшін, жалпы Түркі əлемі үшін маңызы зор. Шымкент қаласы мен Түркістан облысы арасында əкімшілік шекара бар шығар, бірақ, біз əрқашан біргеміз. Елді ешкім бөле алмайды. Жансейіт Қансейітұлы, Бас жоспар бекітілген соң Түркістан қаласындағы ең бірінші ғимаратты Шымкент қаласы əкімдігі салып берсін. Шымкент қаласы əрқашан Түрікістанмен біргеміз. Елбасы тапсырғандай, Түркістан қаласы ертерек дамып, əлемдік деңгейдегі шаһарлардың қатарына қосыла берсін. Өзіңізге жəне сізбен бірге көшіп келген басшыларға, мемлекеттік қызметшілерге табыс тілеймін», деді.