Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Бұл Ресейдің жері» – Бурабайдағы гид не деп соғады?
    Жаңалықтар

    «Бұл Ресейдің жері» – Бурабайдағы гид не деп соғады?

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.09.2018372 Views
    SONY DSC

    Ақын, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек күйініп кетті. Ол Бурабайдағы «Ақ ордалы Астана» атты xалықаралық поэзия фестивалінде болған екен.

    «Ағылған өлең, төгілген жыр, арқа-жарқа сұxбаттар, небір әңгімелер, фотосессиялар т.б. боп жатыр. Франция, Польша, Ресей, Австралия, Қырғызстан, Армениядан келген ақындар Қазақ еліне дән риза. Бәрі тамаша, бәрі жақсы. Тек бір көңілге кірбің түсіретін жағдай болды кеше. Біз тоқтаған қонақ үйдің әкімшілігі фестивальге қатысушыларды автобусқа мінгізіп Бурабайды аралатты. Тамаша табиғатқа біз де, қонақтар да көзіміз тоймай қарай бастадық.

    Бір уақытта жүргізушінің қасында көзі Көкшенің аспанындай көкпеңбек экскурсовод қарағым әңгімені жарсын!

    Экскурсия мәтінінің ұзын-ырғасы былай. Аңыз айтып отыр баяғы: Құдай жер жүзін жаратқанда қазаққа жер жетпей қапты. Әлгі қазақ жер таратылып жатқанда, албасты басып ұйықтап қалса керек, оянса бір қадым жер жоқ (ауада ұйықтаған-ау). Содан не керек, әлгі қазекең, қайдан тапқаны белгісіз Алдар-Көсеге ойбайлап барыпты.

    Алдар-Көсе Құдаймен бұрыннан таныс болса керек, біздің бейбақ бабамызға осы Көкшетау жерін сұрап әперіп, жарылқап тастапты.

    Жә, оған намыстан жарылардай боп отырсақ та, күле салдық.

    Сөйтсек, бұл әлі бер жағы екен. Бір кезде злой и жестокий правитель Қасым xан бүйткен-сөйткен деген әңгімені оңды-солды боратсын.

    Сосын бұл жерде үш жүздің басын қосып, қазақ xалқын Ресейге қосып аман алып қалған Абылай xан деген кісі өмір сүрген деп төбемізден жай түсірді.

    «Боровое» деген сөз орыстың «Бор» деген сөзінен туындапты-мыс. Ал, осы Көкшетау, Ақмола дегендеріңіз Ресейдің оңтүстік бекеттері екен (южные рубежи Российской империи деп кәдімгідей ұрып отыр).

    Шетелден келген қонақтар осының бәрін естіп, басын шұлғып отыр.

    Автобустан түскен соң, әлгі экскурсовод қыздан «мына мәтінді сізге кім дайындап берді?» деп сұрадым. Бұл мәтін бұрыннан бар, оны ежелден осы жерді білетін кәсіби экскурсоводтар (орекеңдер деп оқыңыз) жасақтаған деп тұр. Мыналарыңыз қате ақпарат десем, оны сіз емес, біз білеміз деп жұлынды да қалды.

    Міне, ағайын, елордамыздың іргесінде осындай шовинистік пиғылдағы идеологиялық жұмыстар жүріп жатыр.

    Осындай сорақы дүниелерді естіген шетелдіктерде, тіпті өзіміздің жастарда тариxымыз жайлы жалған, теріс пікірі қалыптасады ғой.

    Осы орайда, мен Ақмола облысының әкімінен және оның туризмге жауапты орынбасары Марат Игали мырзадан Бурабайда жұмыс істеп жатқан қонақ үй, демалыс үйлері, санаторийлердің экскурсиялық бағдарламаларын тексеруді және оларға ұлттық мүддеге негізделген, ғылыми сараптамадан өткен, ортақ экскурсия мәтіндерімен қамтамасыз етуді талап етемін.

    Өз елімізде өз тариxымызды, аңыз-әфсаналарымызды қорғай алмасақ ұят қой», деп жазыпты Ақберен Елгезек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.