• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте қала әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

04.09.2018
0

Шымкентте қала әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Пилоттық жоба алғаш болып Шымкент қаласынан бастауын алмақ. Жоба барысында тұрғын үй алудағы бастапқы жарнаның 50%-ын әкімдік субсидия ретінде береді.

Мәселен, бастапқы жарна 2 млн теңге болса, пәтер алушы соның 1 млн теңгесін ғана алдын ала өтейді.

Екінші миллионды әкімдік қайтарымы бар қарыз ретінде төлейді.

Мұндай көмек «Жас арман» (жас отбасылар үшін) және «Қамқор баспана» (мемлекеттік мекеме қызметкері үшін) жобасына қатысушыларына көрсетіледі.

Шымкент қаласының әкімдігі аталған бағдарламаға 2 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Тағы 20 млрд теңгені – «Баспана» ИК бөлмек.

Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері туралы «Баспана» мекемесінің басшысы Қайрат Алтынбеков баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.

Айта кетейік, жаңа мекеме Қазақстан Ұлттық банкімен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын орындау аясында құрылған.

Алтынбековтің айтуынша, Бағдарлама тұрғындарды баспанамен қамту үшін ыңғайлы талаптар қояды, атап айтқанда, 7 пайыздық несиемен, алғашқы 20 пайыздық жарнасын алдын ала өтеу арқылы 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Тұрғынүйді алуға бағаға шектеу қойылған. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында жоғары шектік баға 25 миллион, ал өзге аймақтар үшін — 15 млн. теңгеге есептелген.

Айта кетейік, Бағдарламаға қатысу саны шектеулі. Алтынбековтің айтуынша, Бағдарламаға қатысуға Қазақстанның әрбір азаматы ниет білдіре алады, тек олардың меншігінде баспанасы және тұрғын үй бағдарламасында өтелмеген қарызы болмауы тиіс. Бұдан өзге, бағдарламаға қатысушының кәсіпкерлік не болмаса еңбек келісім-шартында көрсетілген тұрақты табысы болуы тиіс.

Қазіргі таңда «Баспана» тарапынан Центркредит,  Халық банк, Еуразиялық Банк, Цесна Банк, АТФ Банк, РБК және Тұрғын үй жинақ банкімен келісім шарт жасалған. Сбербанк және Форте Банк бағдарламаға қызығушылық таныта отырып, техникалық жұмыстары аяқталғаннан кейін де «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы аясында келісімшартқа қол қоюға ниетті.

Бағдарламаға қатысу үшін азаматтар банкке мынадай құжаттарын өткізуі тиіс:

— еңбек немесе кәсіпкерлік келісімшартында көрсетілген расталған табысын, тұрғын үй бағдарламасына қатысуы кезіндегі берешек қарыздарының толық өтелгені жөнінде анықтама,

— тұрғын үйге мұқтаждығы жөнінде анықтама,

-таңдалған тұрғын үйдің және оның бағалануы жөніндегі құжаттар.

Шымкент қаласындағы Бағдарламаның 2018 жылғы орындалу көрсеткіші

Тұрғын үй сатып алуға ниет білдірген тұрғындарға 8 тұрғын үйден қазіргі кезде 136 пәтер, ал жыл соңына дейін барлығы 411 пәтерді пайдалануға беруге мүмкіндік бар.  Бұл қатарда:

1 бөлмелі 87 пәтер (35 шаршы метрден 60 шаршы метрге дейінгі),

2 бөлмелі 146 пәтер (60 шаршы метрден 95 шаршы метрге дейінгі),

3 бөлмелі 169 пәтер (80 шаршы метрден 105 шаршы метрге дейінгі),

3 бөлмеден артық 9 пәтер (100 шаршы метрден артық).

Қазіргі таңда 21 қала тұрғыны Бағдарламаға қатысу үшін жалпы құны 220 миллион теңгені құрайтын тұрғын үйлерге құжат тапсырып қойыпты. Олардың ішінде 11 мақұлданған.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдардан үй алуға 220 мың адам тіркелген  (оның ішінде арендалық пәтерлерге кезекте тұрған адамдар саны 36,922 мың, Тұрғын үй жинақ банкі жүйесі арқылы кезекте тұрған 63,0 мың, сондай ақ, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін алуға кезекте тұрған адам саны 120 мың адам).

Мәселенің шешімі ретінде бүгінгі күнге қала аумағында жалпы 175 (9345 пәтер 692,6 мың ш.м.) көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жеке құрылыс салушылар есебінен 115 тұрғын үй (3556 пәтер, 208,2 мың ш.м.), бюджет есебінен 60 тұрғын үйдің (5789 пәтер 484,4 мың ш.м) құрылысы жүргізілуде.

Оған қосымша, болашақта 40,2 млрд.теңгеге 193 мың шаршы метр құрайтын 2030 пәтер, мемлекеттік жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдана отырып, жеке инвесторлар арқылы іске асырылмақ.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.05.2026
0

Шымкентте тек Түркия мен Кореяда жасалатын күрделі оталар тегін жасалып жатыр. Бұл — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүзеге асуда....

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АУДАНДА 41 КӨШЕ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

 Әл-Фараби ауданы әкімдігі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алғашқы бес айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бүгінде аудан аумағында 17 шағын аудан мен...

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

АУДИТ БӨЛІМІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ АНЫҚТАДЫ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкент қаласында ағымдағы жылы аудитпен қамтылған қаржы көлемі шамамен 45 миллиард теңгені құраған. Есепті кезеңде департамент тарапынан жалпы саны 19...

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы отан соғысының тыл ардагері Өркен Әбдіреевке құрмет көрсетті. Еңбегі ерен азамат арнайы мектеп...

ОНКОУРОЛОГИЯДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ОНКОУРОЛОГИЯДАҒЫ СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Елімізде онкоурология дертімен ауыратын 245 мың науқас тіркелген. Осыған байланысты республикадағы жетекші дәрігерлер Шымкентте бас қосты. Конференция «Онкоурология 2026: теориядан...

ШЫҒЫС БЕЙНЕСІНІҢ КӨРМЕС

ШЫҒЫС БЕЙНЕСІНІҢ КӨРМЕС

Айғақ медиа
18.05.2026
0

Шымкент қаласында алғаш рет «Шығыс Қазақстан бейнелері» атты суретшілер көрмесі өтті. Көрмеге аймақтың тұмса табиғаты мен шығыс өркениетінің көркем келбетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.