• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармасына арқау болған Қызылкөпірде жаңа мектеп пайдалануға берілді

01.09.2018
0

Жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармасына арқау болған Қызылкөпірде бүгін ұлан асыр той. Өйткені Арыстық ағайынның тілегін орындаған білім ұясы пайдалануға берілді. Бұған дейін Бәйдібек ауданына қарасты Екпіндідегі жалпы орта мектепте оқып келген Қызылкөпір ауылы балаларының енді өз мектебі бар.

t2

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақастан халқына арнаған  Жолдауында білім саласы жан-жақты қамтылған. Бес басымдықтан тұратын басты бағдарламалық құжаттың ең негізгі ерекшелігі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолында ақпараттық технологияларға негізделген инновациялық дамыған қоғам құруды мақсат ету болып табылады. Сондай- ақ, ауыл мен қала арасындағы білім беру алшақтығын азайту мақсатында көптеген тірлік атқарылуда. Бұлай деуімізге себеп, бұған дейін мектебі болмаған Дермене ауылдық округінің Қызылкөпір ауылында 200 орындық білім ошағы пайдалануға беріліп, жергілікті жұртты үлкен қуанышқа бөледі.

t3

Арыс қаласы бойынша 1 сынып табалдырығын 2650 бала аттап отыр. Ал, жаңадан қолданысқа берілген №3 мектепке жалпы саны 164 оқушы қабылданса, оның 19-ы 1–сыныпқа қадам басты. Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мектеп әкімшілігі ұжымда сыбайлас жемқорлықтың орын алмауын қатаң түрде қадағалауда. Осы мақсатта мұғалімдер автоматтандыру тестінен 3 күн арасында өтіп, штатқа қабылданады. Сонымен қатар мектептен 3 шақырым қашықтықтан алшақ тұратын оқушылар үшін арнайы тасымалдайтын шағын автобус балансқа берілді.  Оны ауыл және кент әкімдері ұйымдастырады.

t9

t15

       Заманауи техника білім ордасында үздік пайдаланылған. Мысалы, информатика кабинеті толығымен компьютерлермен жабдықталса, технология кабинетінде де қыздарға арналған тігін машинасы орнатылып, тәжірибе жүзінде үйренуге мол мүмкіншілік туғызуда.

t10 t12

Жаңартылған білім бағдарламасы аясында 3,6,8- сыныптар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілген. Ал 1,2,5,7 сыныптардағы балаларға оқулық жетіспеушілік мәселесін шешу мақсатында электронды оқулық ұсынуда.

t8

Айтып өтейік, бүгінгі мектептің ашылу рәсіміне Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Аманәлі Әбдіраманов арнайы келіп қатысып, білім ұясы ұжымының қуанышына ортақтасты. Тәуелсіздік тағдыры туралы ой қозғап, мемлекетіміздің болашағы — жастар екендігін, олардың білімімен тау қопаруға болатындығын тереңінен ұғындырды.

Ал, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Дулат Әбіш болса Қызылкөпір елдімекенінің тарихына тоқталып, ұлылардың шығармасына арқау болған тарихи кешеннің еліміз үшін маңызды екендігін ерекше атап берді. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойында орын тепкен бұл мекеннің ішіне бүккен сыры бар. Тарих толқынында есімі алтын әріппен жазылатын теміржолшы Мұхамеджан Тынышпаевтың бұл жерге келуінің өзінде үлкен мән жатыр. Жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармасына арқау болған Қызылкөпір, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» кіші бағдарламасындағы киелі орындардың қатарынан орын алынуы тиіс деп есептейді.

t7

     Жергілікті тұрғындар да жаңа білім ордасының ашылғанына қуанып, балаларын сапалы білім алуына жасалған жағдайға толыққанды өз ризашылығын білдіруде. «Баланың тұлға болып қалыптасуына мектеп қабырғасында жүріп алған білімі мен тәрбиесі маңызды орын алады» — дейді ата-ана қауымы.

dji_0075-mov-still001

Мектеп — білім кенінің ордасы. Ондағы мұғалімдердің балаларға берген білімі мен тәрбиесі қашан да маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірінде дамудың бірден- бір жолы – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал білімді, текті ұрпақ шығуы үшін – еңбек пен өз ісіне деген махаббат керек. Білім күнінде Қызылкөпір елді мекенінде жаңа оқу ордасының ашылуы жарқын болашаққа үлкен үміт сыйлайды.

Тоғжан НАРБАЙ

Бөлісу15TweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МЕДИА КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАМАНАУИ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
18.11.2025
0

Бүгін Алматы қаласында екі күнге созылатын «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер...

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.