Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Шымкентте 133 мектепте «Алғашқы қоңырау» соғылды
    Білім

    Шымкентте 133 мектепте «Алғашқы қоңырау» соғылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.09.20181 880 Views

    Бүгін Шымкент қаласындағы 133 білім беретін орта мектепте алғашқы қоңырау үні сыңғырлады. Ал қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Бозарық» шағын ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген №57 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.Шаһар басшысы барша барша ұстаздар мен шәкірттерді Білім күнімен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

    40446989_2190919911154364_5566621105625497600_n

    «Бүгінгі мектептің  ашылу салтанаты Білім күні қарсаңында өтіп отыр. Жаңа мектеп жаңаша жұмыс жасайды, нағыз білімнің ордасы болады деген ойдамыз. Орта білім беру деңгейінде жаңартылған мазмұнға көшу жұмыстары жалғасуда. Жаңа оқу жылынан бастап 3,6,8-сыныптар мазмұны жаңартылған бағдарламамен оқи бастайды, 5 және 7-сыныптарда «Өлкетану» курсы биыл алғаш рет енгізіліп отыр»,-деді әкім.

    40480012_2190919974487691_8369752960426573824_n

    40421307_2190920127821009_8702242789879971840_n

    Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын 900 орындық типтік оқу орны 3 қабаттан тұрады.Екі ауысымда жұмыс жүргізетін мектепте 40 оқу бөлмелері қарастырылған. Бұдан басқа жаңа үлгідегі 2 мультимедиялы-лингофонды кабинет, 4 информатика кабинеттері (13 орынды)  71  дана компьютер және 2 интерактивті тақтамен жабдықталған.

    40525846_2190920091154346_1785481921434746880_n

    Сондай-ақ, 2 шеберхана  бөлмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт зал мен балалардың денсаулығын қадағалайтын медпункт қарастырылған.Айта кетейік, биылға жаңа оқу жылында Шымкент қаласындағы 133 мектеп 178 297 оқушыны қабылдаса, оның ішінде 22 мың бала бірінші сыныпқа барады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.