• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті

29.08.2018
0

Мемлекет басшысы Қазақстанға келіп, Конституция күнін бірге мерекелегені үшін жиынға қатысушыларға ризашылық білдірді, сондай-ақ көптеген халықаралық сарапшылар қатысқан бұл конференция құқықтық мемлекет құру жөнінде ілім-білім алмасуға зор мүмкіндік бергенін атап өтті.

– Біз конституциялық құрылым ісіндегі ынтымақтастық пен өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз. Құнды кеңестер мен ұсынымдар үшін ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмнің даму тарихына тоқталды.

– 1995 жылғы көктемде бір топ заңгер ғалымдармен бірлесіп, бізге қандай конституция қабылдау қажеттігін талқыладық. Мен өзім еліміз үшін қолайлы ережелерді іздестіру мақсатымен Еуропаның, Америка мен Азияның 20 елінің конституцияларын жете зерттедім. Себебі, біз басқа мемлекеттің конституциясын сол күйінде көшіріп ала алмаймыз. Осылайша, 1995 жылғы желтоқсанда жалпыхалықтық референдумда азаматтарымыздың басым көпшілігі қолдаған конституцияны қабылдадық. Бұл құжат бүгінде біздің өмірімізге арқау болып, мемлекетімізді қалыптастырып, тәуелсіздігімізді нығайтып отырған негізгі заңға айналды. Конституциямыз уақыт талабына сай үнемі реформаланып, жетілдірілуде. Мәселен, өткен жылдың басында мен Президенттің бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке олардың дербестігін әрі жауапкершілік аясын кеңейте отырып қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформаға бастамашы болдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

42605b9f58095f7243f4e43243e9e6d5

Мемлекет басшысы Қазақстанның Негізгі заңның жоғары заңдық күшін қамтамасыз ету барысында құқық үстемдігін орнықтыру саясатын мақсатты түрде жүргізіп отырғанына тоқталып, еліміздің әлемдік аренадағы жетістіктері оның халықаралық беделін және Конституциямызда белгіленген бейбітсүйгіш сыртқы саяси қағидаттарымыздың тиімділігін көрсететінін атап өтті.

– Қазақстанның жетістіктері халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалғаны айдан анық. Біз ширек ғасыр ішінде экономикамызды 22 есе өсіріп, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарттық. Жұртшылық өздерінің діни салтын еркін ұстанып, өз ана тілінде сөйлей алатын, сондай-ақ мәдениетін сақтайтын көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет құрдық. Биыл Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі соның дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.

Халықаралық сарапшылар Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Конституция күнін мерекелеу түрлі институттар арасындағы қатынастарды реттеудің берік негізі әрі құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың кепілі саналатын ең маңызды құжаттың мәні зор екенін айғақтайтынын атап өтті.

– Конституция күнін мерекелеу азаматтардың, соның ішінде жастардың арасында конституциялық құндылықтарды дәріптеп, таратуға бағытталған тәрбиелік сипаттағы өркениет белгісі саналады. Сондай-ақ, қоғамдық үйлесімділікті, тыныштық пен тұрақтылықты жүзеге асыру жолындағы ұмтылыстың бағыты дұрыс екенін көрсетеді, – деді  Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы М.Меделчи.

Соңында Мемлекет басшысы конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету ісіндегі негізгі рөл құқық үстемдігін сақтауды көздейтін конституциялық әділет органдарына тиесілі екенін айтты.

Жиынға Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Қ.Мәми, Әзербайжан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы Ф.Абдуллаев,  Алжир Халық Демократиялық Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы М.Меделчи, Армения Конституциялық сотының төрағасы Г.Товмасян, Болгария Конституциялық сотының төрағасы Б.Велчев, Латвия Республикасы Конституциялық сотының төрағасы И.Зиемеле, Конституциялық әділ сот жөніндегі дүниежүзілік конференцияның Бас хатшысы Ш.Дюрр, Еуразиялық Экономикалық Одақ сотының төрағасы Ж.Бәйішев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ә.Рақышева қатысты.

Дереккөз: akorda.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы игі істер жалғасуда. Кезекті 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Ақжайық шағынауданында бой көтерген...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Үшінші мегаполисте баспана бақытына бөленгендердің қатары тағы артты. Салтанатты жиында 19 жастағы қала тұрғыны жаңа пәтерге ие болды. Қала әкімінің...

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.